Қазан 6, 2021 «Муха – цокотуха» By odb-abai inЖаңалықтар Корней Чуковскийдің «Муха – цокотуха» ертегісін балалар ғана емес, сонымен бірге әр кеш сайын балаларына өздерінің сүйікті әңгімесін оқып беретін олардың аналары да жатқа біледі. Ал, шыбын мазасыз және қарапайым жәндік деп кім айтты? Ертегіні оқығаннан кейін, балалар, «Шуақ» шығармашылық студиясының қатысушылары табиғи материалдардан әдемі шыбын – цокотуханы жасады. Табиғи қолөнерімізді жасау үшін қарағай бүршігін, жаңғақтарды, шетеннің жидектерін, ермексазды, гүл жапырақтары мен жапырақтарды қолдандық.