«Рухани жаңғыру» бағдарламасы іс-шараларының республикалық тізбесіне енгізілген «Жетістік формуласы» жобамыз жүзеге асырылып келеді. 2019 жылғы 27 қыркүйекте «SARYARQA» телеарнасында оның телевизиялық түсірілімі өтті. Диалог алаңында спорттық акробатика бойынша жас әлем чемпионы Никита Амоскин және «Ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ, «Альтер» еркін даму мектебі, №63,23 ЖББОМ, (60-тан астам) адам кездесті. Никита Амоскин «Қазақстанның 100 жаңа есім-2018» жобасының жеңімпазы. Бағдарлама қонағы Шахтинск қаласында дүниеге келген, қазіргі уақытта Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің “Дене шынықтыру және спорт” факультетінің студенті. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, екі дүркін Азия чемпионы, аралас жұптар санатындағы спорттық акробатикадан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері, Никита балаларға өзінің спорттық мансабы, отбасы, әуестігі туралы әңгімелеп айтып берді. Н.Амоскиннің жанұясы спорттық отбасы, ата-анасы мен ағасы әуесқой спортпен айналысады. 9 жасында Никитаның атасы немересін грек-рим күресіненнің КСРО спорт шебері Петр Григорьевич Ащепковке, күресі секциясына алып келді, кейін Никита акробатикамен танысты. Оның алдында қандай спорт түрі басты болып табылатындығын таңдау болған кезде акробатика жеңді. Бағдарлама қонағының айтуынша, акробатика-спорттың барлық түрлерінің негізі. Бүгінде жас спортшы университеттегі сабағынан кейін күн сайын үш-төрт сағат спортпен шұғылданып жаттығады. «Сіз әріптесіңіз Анастасия Долганюкпен жұп болып өнер көрсетіп келесіз әріптесіңіз қандай?» Қонақ: Анастасиямен бірге біз 9 жыл бойы жұптасып келеміз. Бұл уақыт ішінде бірнеше рет Қазақстан, екі мәрте Азия чемпоны атандық. 2018 жылы спорттық акробатикадан әлем чемпионы атағына ие болдық. Әрине арамызда түсініспеушілік те болып тұрады, жаттығулар кезінде дауласып та жатамыз, дегенмен серіктес болғаннан кейін тіл табысып келеміз. Қазан айында жаңа жоба күтіп тұр, Ташкентте Азия чемпионатына дайындалып жатырмыз, лайықты орын алу үшін бағдарлама әзірлеу қажет. Алға қойған жоспарларымыз көп. Тек қана аянбау еңбек етіп тер төгу қажет. Никитаның хоббиі мен әуестігіне тығыз жаттығу кестесіде байланысты себебі уақыты жоқ, бірақ кешке қарай ол достарымен кездеседі, қаланы аралап серуендейді, әлеуметтік желілерде қарайды. Болашақта Никита Амоскин спорттық акробатика бойынша жаттықтырушы болуды армандайды: «Балаларды үйретемін,бізді жаттықтырушылар қалай үйретсе менде балаларды солай үйретемін. Ал егер мүмкіндік болса, заманауи құрал-жабдықтармен спорт мектебін саламын». Сондай-ақ жас спортшы спорттық акробатика Қазақстандықтардың өз нәтижелерін көрсете алатын олимпиадалық спорт түріне айналғанын армандайтыны туралы айтып өтті. Диалогқа қатысушыларды жарыс алдындағы өз қорқынышымен қалай күресу керек деген сұрақ қызықтырды, бағдарламаның кейіпкері: «Жарыс сәті туралы ойланудың қажеті жоқ, залдағы көрермендер, әділқазылар алқасы туралы, жай ғана шығу керек және сен білетініңді орындауын керексің»,-деп жауап берді. Бенефис-шоудың шарты бойынша Қонақ өзіне ұнаған үздік сұрақты таңдап, сұрақ авторы №63 ЖББОМ 11 “Б” сынып оқушысы Балжұманова Айгерімге американдық спиннер-магнит сыйлығын естелік ретінде берді. Жоба ұйымдастырушылары – Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы Н.Амоскинге табыстылық пен танымалдықтың символы «Жетістік формуласы» кәдесыйын және Абайдың «Қара сөз» кітабын табыс етті.