Наурыз 10, 2023 «Ньютондық емес сұйықтық» By odb-abai inЖаңалықтар 10 наурыз күні «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасында «Ақпараттық технологиялар» мектебінің оқушыларының қатысуымен «Ньютондық емес сұйықтықпен» тәжірибе өтті. Кейбір сұйықтықтар су секілді тез құйылса, біз тәжірибеде көрсеткен сұйықтық тығыз және бал секілді тұтқыр, жабысқақ болып келеді. Зертханалық жұмысты жасау барысында оқырмандарымыз көптеген қызықты мәліметтермен танысып, Ричард Хаммондтың «Күштің сыры неде?» атты кітабында көрсетілген Ньютондық емес сұйықтықтар туралы білудің ең оңай тәсілі арқылы шырыш дайындап, оның тылсым сырына үңілді. Сондай-ақ ғылыми терминдермен танысты. Сұйық нысанды полимерлерден, яғни Ньютондық емес сұйықтықтардан қандай зат жасауға болатыны жайлы Роберт Уинстонның «Ғылыми эксперименттер» кітабында көрсетілген тәжірибеге сүйене отырып түсіндірдік. Құрметті ЖАС ҒАЛЫМ, ғылымның сансыз сұрақтарына жауапты тек біздің кітапханадағы кітаптардан таба аласың. Кел, зертхана жұмыстарын өз қолыңмен жасап, әсеріңмен бөліс!