5 қазан күні Абай атындағы балалар кітапханасында «Қобыланды батыр» эпосынан үзіндіні мәнерлеп оқу бойынша қалалық байқаудың екінші кезеңі өтті. Қазылар алқасының құрамында: ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы Ж.Жарылғап; ҚазТұтынуодағы Қарағанды университетінің қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты М.Тапашев; Н. Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.Есенжолова; жазушылар Одағының мүшесі, ақын журналист Ж.Шалқар. «Қобыланды батыр» жырын мәнерлеп жатқа оқудан 16 үміткер сынға түсті. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар: I орын – Аманбаев Нұрбол, №53 мектеп-лецейі, 7 сынып (квадрокоптер); II орын – Бекхали Айару, «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейі, 7 сынып (виртуалды шыны көзілдірік); III орын – Құрмашев Нұртөре, Абай атындағы мектеп-гимназиясы, 7 сынып (портативті динамик); III орын – Бөлегенова Айзере, №87 негізгі орта мектеп, 7 сынып (портативті динамик). Номинациялар бойынша: «Орындаушының шынайылығы» – Төлепбергенов Қуаныш, «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейі, 7 сынып; «Әртістік шеберлік» – Серікбол Нұрсанар, №25 жалпы білім беретін мектеп, 9 сынып; «Жыр жүйрігі»– Жапар Ақшолпан, №25 жалпы білім беретін мектеп, 8 сынып; «Жыршылық өнер» – Аманжол Балнұр, М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия, 8 сынып; «Қобыланды батыр» жыр білгірі» – Даурбек Нұржан, С. Саттаров атындағы мектеп-лицейі, 7 сынып. Сайысқа қатысқан барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Кітапхана байқау жеңімпаздарын құттықтап, қатысқандары үшін барлығына алғысын білдіреді!