Уте Краузе
(1960 ж.)

     Уте Краузе 1960 жылы Берлинде дүниеге келген, бірақ ол әртүрлі елдерде Түркияда, Нигерияда, Үндістанда, АҚШ-та ер жетті.

    Он жасында үнді мектеп-интернатында оқып жүргенде көркемөнерпаздар байқауына қатысып, бірінші орын алды. Өнер мұғалімі оның дарынын байқап, оның осы бағытта дамуына көмектесті.

    Ол Берлинде көрнекі коммуникацияларды зерделей отырып, жоғары білімді Германияда алды, бір жылдан кейін Фулбрайтов шәкіртақысын алды және оқуын әйгілі Мюнхен киномектебінде жалғастырды. Ол қысқаметражды және деректі фильмдер түсіріп, «Штерн» журналы үшін комикстерге суреттер салды, сценарийлер жазды.

      Балалар мен ересектерге өте ұнайтын сүйкімді де көңілді иллюстрациялар ең алдымен суретші-жазушының қиялында пайда болып, одан әрі олардың сюжеті құрылып, ертегілер туындады.

      Ол 1985 жылдан бастап 16 суретті кітаптарды жарыққа шығарды («Оскар мен ашыққан дракон. Оскар и очень голодный дракон», «Белло мырза және сыйқырлы эликсир. Господин Белло и волшебный эликсир», «Осман: джинн в затруднении», «Мүмкін жай ғана құбыжық шығар? Может просто монстр?», «Кіммен тойлау керек? С кем праздновать?» және т.б.), 4 балалар романын жазды және 400-ден астам балалар кітабының суреттерін салды.

      «Ханшайымдар мен қарақшылар. Принцессы и разбойники» кітабы (2015) қызықты бас киімдер киген қарапайым отбасы туралы оқиға, онда ата-аналары ажырасып кетуі және балаларының уайымы туралы отбасылық мәселелер көтеріледі. Уте Краузе әсерлі суретттері бар қызықты да сәл мұңды ертегіде ең кішкентай оқырмандарға егер ата-аналары ажырасып кетсе, қалай болатыны, бірге тумаған аға-інілермен және апа-қарындастарымен қалай достасуға болатыны және одан әрі барлығы бірге қалай өмір сүруі керектігі жайлы әңгімелейді.

      Уте Краузе Германиядан тыс жерлерде де танымал, оның кітаптарын швед пен голланд, араб пен жапон, кәріс пен румын, дат пен ағылшын, қазақ пен орыс балалары оқиды.

    Оның көптеген шығармалары бойынша театрландырылған жастар қойылымдары қойылды. Автор бірнеше рет теледидар мен радиода дауыстап оқулар шараларын өткізді.

    Өзінің шығармаларын көпшілікке танымал ете отырып, әлем бойынша белсенді саяхатқа шығады. 2013 жылы Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында өткізілген оқырмандармен кездесу –таныстырылымына қатысты.

      Оның жұмыстары (иллюстрациялары, фильмдері, кітаптары) бірнеше рет сыншылар мен оқырмандардың сыйлықтарымен атап өтілді, сонымен қатар «Кітап өнері» қорының сыйлығына және голландтық «Kinderjury»

img131
img132
img133
img134
img136
img137
img139
img140