ОРАЛХАН БӨКЕЙ – 80 ЖЫЛ Оралхан Бөкей (1943-1993) – қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі, жазушы, драматург. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. 1969 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1965-1968 жылы Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын (Большенарым) ауданында «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар» газетінде) әдеби қызметкер, кейін «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде (1988-1984), «Жұлдыз» журналында (1974-1983) бөлім меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактордың орынбасары (1983-1991), 1991-1993 жж. осы газеттің бас редакторы болды. Оралхан Бөкейдің шығармалары: «Үркер» (1971), «Қайдасың қасқа құлыным» (1973), «Мұзтау» (1975), «Ұйқым келмейді»(1990), «Үркер ауып барады» (1981), «Атау кере», «Қар қызы», «Кербұғы». Жазушының орыс тіліне аударылған әңгіме-повестерінің жинағы: «Жасынның ізі» – «След молний» (1978), «Ән салады шағылдар», «Поющие барханы» (1981), «Сайтан көпір», «Крик» (1984 ж.), «Зымырайды поездар», «Поезда проходят мимо» (1985), «Кісікиік», «Человек – Олень» (1987). Мұнымен қатар қаламгер туындылары неміс, словян, болгар, ағылшын, венгер, араб, қытай, жапон тілдеріне аударылды. Оралхан Бөкей – көркем сөз өнерінің хас шебері. Оның туындыларында форма жағынан ерекшелік басым. 1976 жылы Оралхан Бөкей «Құлыным менің» пьесасы үшін Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, 1978 жылы «Найзағай ізі» повестері мен әңгімелері үшін Н. Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты, 1986 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» повестері мен әңгімелері үшін Абай атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты наградаларына ие болды. Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының қорындағы Оралхан Бөкейдің шығармалары: