Оқи білген қандай жақсы «Бақытты, табысты, дені сау, адамгершілігі мол баланы қалай тәрбиелеуге болады?» деген сұрақ ата-аналар, тәрбиешілер мен психологтарды үнемі мазалайды. Бұл сұрақтың жауабын іздеу көп жағдайда білім беру мен оқытудың әртүрлі теорияларын талдау арқылы әр әдістің артықшылығы мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бұл сұрақтың жауабын адамзат мыңдаған жылдар бойы іздеп келе жатқанын және оған кей жауаптары табылып жатқанын ескере бермейміз. Халық жауабын ертегі, аңыз, астарлы әңгіме арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді. Компьютерлер мен жоғары технологиялар ғасырында адамдар кітап оқымауы мүмкін емес. Қазіргі балаға ертегіні оқып, кейіпкерлер мен сюжет туралы сөйлесу жеткіліксіз. Үшінші мыңжылдықтың баласымен ертегілерді талдау, жасырын мағыналар мен өмірлік сабақтарды бірге іздеу және табу қажет. Баланы оқуға баулу үшін келесі ережелерді сақтау керек: 1. Бала әлі сөйлей алмайтын кезден бастап оған кітап оқи бастаңыз. Ол өзі оқи бастағанда, «түскі астан кейін» немесе «түнде ұйықтар алдында» оқуды әдетке айналдырыңыз. Балаға дауыстап, рөлдер бойынша оқыңыз. 2. Оқуды шағын мәтіні бар әдемі суреттермен безендірілген кітаптардан бастаңыз. 3. «Ал егер…» деп, балаңызға ертегінің немесе оқиғаның соңын ойлап табуды ұсыныңыз:. 4. Ертегіні оқығаннан кейін кітаптың мазмұны бойынша қолөнер, сурет, аппликация жасауды ұсыныңыз. 5. Оқуды отбасылық дәстүрге айналдырыңыз. Мысалы, демалыс күні. 6. Егер Сіздің немесе балаңыздың көңіл-күйі болмаса, сабақты бастамаңыз жөн: мұндай іс-шаралар сәтті болмайды. 7. «Аяқталмаған әрекеттің» психологиялық принципін қолданыңыз: дауыстап оқып, ең қызықты жерде тоқтаңыз (кешір, менің кетуім керек, біз осы жерде тоқтадық) және баланы кітаппен жалғыз қалдырыңыз. Біраз уақыттан кейін: «Ал енді не болғанын айта қойшы, маған өте қызықты болып тұр!» – деп сұраңыз 8. Балаңыздың жетістіктерін басқа балалардың жетістіктерімен салыстырмаңыз. Оқу дағдысын игеру қарқыны әр бала үшін әртүрлі болады. 9. Өзіңіз балаға үлгі ретінде болыңыз, өзіңіз де кітап оқыңыз, бала сізге оқудың ұнайтынын көруі керек. Кей уақытта бұл тәсіл баланың кітап оқуына ынтасын тудырып жатады. Кішкентай оқырманды тәрбиелеу көп еңбекті, уақыт пен шыдамдылықты қажет ететін іс, бірақ нәтиже Сіздің үмітіңізді ақтайды!!!