САЙЫН МҰРАТБЕКОВТЫҢ «ЖАБАЙЫ АЛМА» ШЫҒАРМАСЫНА 50 ЖЫЛ

 

 

 

 

 

Мұратбеков Сайын (1936 – 2007) – қазақ жазушысы, журналист, М. Әуезовтың атындағы әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
«Жабайы алма» повесі – соғыс жылдарындағы ауыл өмірі, ауыр тұрмыс, қажырлы еңбек, адалдық пен адамгершілікті сөз ететін шығарма.
Сұрапыл соғыс жылдарындағы қабырғасы қайысқан балалық шақтың ауыр тіршілігі қаз қалпында суреттеледі.
Повестің түйіні жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге үндейді. Кейіпкерлер қандай қиыншылықтарға, тағдырдың талқысына түссе де, адамдық бейнені, адамгершілік қасиетті жоғалтпауға, өмірге деген үміттен түңілмеуге, тағдыр тауқыметіне мойымауға, адалдық пен әділдікті баян етіп, адал жанын, таза ниетін бойында сақтап қалуға тырысады.
Жазушы оқиға барысында Көкінай атты итті образдау арқылы, жазушы соғыс кезіндегі жауға аттанған әр шаңырақтың сағыныш сезімін, төзімін Көкінай образымен адалдық қасиетін қызық та, қатал сюжеттермен сипаттайды. Повестің басты кейіпкерлері Қанат, Тоқтар, Нәзира, Әжібектер бейнесінен бір-бірін жеңе алмай келе жатқан махаббат пен зұлымдық, мейірімділік пен жауыздық, адалдық пен надандық cуреттеледі.

Мұратбеков, Сайын. Жабайы алма [Мәтін] : әңгімелер мен повесть / С. Мұратбеков. – Алматы : Атамұра, 2002. – 400 б.- (Атамұра кітапханасы).