Шаяхмет Ақылбек Қожаевич
(18.06.1951 ж.)

    Белгілі қазақ жазушысы, журналист-публицист 1951 жылы 18 маусымда Қостанай облысы Жетіқара ауданы Забеловка аулында дүниеге келді.

      Мектепті бітірген соң Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне, Мәскеу әдебиет университетіне оқуға түседі.

   Ақылбек Шаяхмет аудандық, облыстық «Қостанай таңы» және республикалық газеттердің меншікті тілшісі болды. Ол халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағалығына сайланған.

   Ұлттық саясат жөніндегі облыстық комитеті төрағасының орынбасары, облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, облыстық білім департаменті директорының орынбасары, Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ қазақ және орыс тілі институтының директоры, журналистика факультетінің деканы болып қызмет атқарды. Қазіргі уақытта ҚМУ профессоры және Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ Медиа-орталығының директоры.

      1983 жылдан Қазақстан жазушылар одағының мүшесі болып табылады. Ол өз шығармаларын ересектерге де, балаларға да арнап орыс және қазақ тілдерінде жазады.

     Алғашқы өлеңдер кітабы 1977 жылы жарыққа шықты. Ақылбек Шаяхмет 40 астам кітаптың авторы, оның ішінде танымалы «Пирамида», «Моя орбита», «Земля-колыбель», «Гуси-лебеди летят», «Голос степи», «Слово» және тағы басқалары. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған кітаптардың авторы. Олардың ішіндегі кейбір шығармалары оқулықтарға енгізілген.

     Ол балалар мен жасөспірімдерге арналған 15 кітап жазды. Бұл балладалар, әңгімелер, пьесалар, деректі проза.

   Оның айтыскер ақын Ақсұлу Орысбайқызына арналған драмалық поэмасы «Ақсұлу» Қазақ радиосының алтын қорын қабылданған.

    Қостанай жастар ұйымы, Бүкілодақтық көркмөнерпаздар шығармашылығы фестивалі сыйлықтарының лауреаты, Бұқар жырауға, Б.Майлинге, Н.Наушабайұлына арналған республикалық ақындар сайысының (мүшайра) жеңімпазы, «Ана тілі» газеті сыйлығының лауреаты. «Астана-Бәйтерек» және «Дарабоз» республикалық байқауларының жеңімпазы, «Жылдың үздік драматургиясы» номинациясында «Ыбырайдың өситеті» пьесасы үшін «Алтын қалам» сыйлығының иегері.

    Ақын Расул Гамзатовтың, Якуб Коластың, Иван Драчтың, Арсентий Тарковскийдің, Солтүстік Кавказ ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударды.

      Қоғам қайраткері Елдес Омарұлының өмірі және оның шығармаларының жинағы туралы деректі повесін жарыққа шығарды. Ақын Нұржан Наушабайұлының «Алаш» кітабын баспадан шығарды.

      Филология ғылымдарының кандидаты, доцент. «Ерен еңбегі үшін», «10 лет независимости Казахстана», «20 лет Ассамблеи народов Казахстана» медальдарымен және Ахмет Байтұрсынов медалімен, Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Тіл жанашыры» естелік белгісімен марапатталған.

шаяхмет_акылбек
шаяхмет_акылбек1
шаяхмет_акылбек2