СЫРБАЙ МӘУЛЕНОВ – 100 ЖАС

Мәуленов Сырбай (1922-1993) – қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы.
С. Мәуленов Қостанай облысының Жангелдин ауданында 1922 жылы дүниеге келді. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Екінші Жаһандық соғысқа қатысқан. Республикалық газет-журналдарда, баспа орындарында еңбек етті. «Қазақ әдебиеті» газетінің, «Жұлдыз» журналының бас редакторы болды.
С. Мәуленовтың тұңғыш өлеңі Жамбыл облысы «Колхозшы» газетінде 1937 жылы жарияланды, «Өлеңдері» атты алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді.
С. Мәуленов – қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы. Өлеңдері қазақ поэзиясының лирика жанрын дамытуға елеулі үлес ретінде қосылды.
Автордың шығармаларында туған жер, замандас және оның жасампаз еңбегі жарқын жырланады.
«Жолдас» (1954), «Жас жүрек» (1956), «Жол үстіндегі жалындар» (1963), «Жұлдыз жырлар» (1963), «Қызыл арша» (1969), «Боз қырау» (1976), «Тау гүлдері», «Шалқар», «Жалын» (1979), «Жаңбырсыз күз» (1980), өлендері «Шуақ», «Алтын тасқын» өлендер мен поэмалары, «Жұлдыз жүрек» (1985), «Шаңқай түс» атты шығармалары жарыққа шықты.
Сырбай Мәуленов орыс, украин, өзбек халықтары әдебиетінің классиктері А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Н.А. Некрасов, Т.Г. Шевченко, В.В. Маяковский, А,А. Блок, С.А. Есенин, Н.С. Тихонов, М.А. Шолохов, Ә. Науаи шығармаларың қазақ тіліне аударды.
С. Мәуленов балаларға арнап «Барлаушы бал» (1961), «Құлыншақ», «Бала жолбарыс (1963), Амангелді Имановтың балалық шағы туралы «Қорқақ торпақ» (1968) тағы басқа өлеңдер мен әңгімелер жазды.
Абай атындағы балалар кітапханасының қорындағы Сырбай Мәуленовтың шығармалары: