«Табысқа жету формуласы» бенефис-шоу жобасы. Дмитрий Карповпен диалог Адамның, олимпиада чемпионының өмірі күнделікті қиындықтарды және өзін өзі жеңуінен тұрады. Танымал, табысты спортшы болу әркімнің қолынан келе бермейді, ал спорттық мансапта табысқа қол жеткізу оңай емес. Мұндай тұлғаның жетістікке жету формуласы қандай? Бұл туралы біздің оқырмандар қаладағы танымал және табысты адаммен кезекті кездесуде білді. Қазақстандық жеңіл атлетші, 2004 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Дмитрий Васильевич Карпов «Табысқа жету формуласы» жобасы аясындағы диалог алаңының кезекті қонағы болды. №102 мектеп –гимназияның, №3 гимназияның, №63 ЖОМ 7-9 сынып оқушылары Қонақты мұқият және қызыға тыңдады. Балалар тарапынан әртүрлі тақырыптағы: балалық шағы, отбасы, спорттық мансабы, қызығушылықтары мен құмарлығы туралы әртүлі сұрақтар қойылды. Мұндай кездесулерде кітапқа және оқуға деген көзқарасы алғашқы және негізгі сұрақ болып табылады. Біздің Қонағымыз оқығанды жақсы көреді, бірақ толыққанды оқуға уақыты жоқ. «Қандай кітаптар Сіздің дүниетанымыңызға әсер етті? – деген сұраққа Дмитрий «Азбуканы», Николай Носовтың «Приключения Незнайки в Солнечном городе» кітабын, Борис Акуниннің шығармаларын атады. Дмитрий Карпов балалармен әңгімелесу барысында бірнеше рет «жеңіл атлетика» тақырыбына тоқталып өтті. Қонақ жеңіл атлетшілер отбасында ержеткен, ата-анасы ерте жасынан оны осы спорт түріне деген қызығушылыққа баулыған. Қазір Дмитрий Карпов 2 баланың әкесі, өз ата-анасының үлгісі бойынша балаларын дене тәрбиесіне деген сүйіспеншілікте тәрбиелейді. Қонақ бенефис-шоудың шарты бойынша ең қызықты немесе ерекше сұрақ үшін жоба қатысушысына өз атынан естелік сыйлық сыйлайды. Осы кездесуде «Сіз өз жұбайыңызды сүйесіз бе? –деген күтпеген сұрақ Қонаққа қатты әсер етіп, №102 мектеп-гимназияның оқушысы Ерасыл Серік сыйлық алды. Балаларға танысу үшін қазіргі заманғы балалар кітаптары «ЖҰЛДЫЗҒА теңескенше оқы» кітап көрмесінде, ал Дмитрий Карпов бала кезінен әсерлене оқыған кітаптары «Балалық шағымның кітаптары» тақырыптық сөресінде ұсынылды. Алаңда 35 сұрақ қойылып, барлық сұрақтарға жауап берілді Кездесу соңында Дмитрий Карпов «Құрметті Қонақта кітабында», ал балалар «Оқырмандар пікірі кітабында» бенефис-шоу туралы естелік пікірлерін қалдырды.