«Табысқа жету формуласы» бенефис-шоуы Қадиша Базарбайқызы Оспановамен кездесу. «Табысқа жету формуласы» жобасы аясында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Базарбайқызы Оспанова мен гуманитарлық колледж студенттерінің, №101 лицей және М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия оқушыларының арасында кезекті диалог өткізілді. Қадиша Базарбайқызы іс-шараға қатысушыларға өзінің өмірі, саяси мансабы туралы әсерлене баяндап берді. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің бұрынғы педагогы ассистенттен үздіксіз кәсіби даму жөніндегі проректорға дейінгі кәсіби жолдан өтті. 2012 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. Қонақ бала кезінде оқыған кітаптары туралы өз әсерлерімен бөлісті. Қадиша Базарбайқызы жеткіншек шағында тарихи және шытырман жанрындағы шығармаларды қызыға оқыған. Ол Жюль Верннің «Капитан Гранттың балалары» романын, Шыңғысхан туралы романдарды әуестене оқыған, әртүрлі халықтардың ертегілерін өте жақсы көрген, Мұхтар Әуезовтің кітаптарын сүйіп оқыған. Жоғары сыныптарда және студенттік жылдары Ш.Бронтенің кітабы «Джейн Эйр» оған өте ұнаған, ал М.Митчелдің «Унесенные ветром» романының кейіпкері Скарлетт О Хара жас қыздың өмірінде ерекше әсер қалдырған. Кездесу барысында «Депутат болу оңай ма? Қалай депутат болуға болады?», «Сіз бос уақытыңызда немен айналысасыз?», «Қаланың Октябрь ауданы Әлихан Бөкейханов атындағы ауданға өзгертіле ме?», «Жалқаулықты қалай жоюға болады?», «Адамдар Сіздің көмегіңізге жиі жүгіне ме?», «Сіз қандай кітаптың кейіпкеріне ұқсағыңыз келді?», «Сіз неліктен дәрігер мамандығын таңдадыңыз?» және т.б. сұрақтар балаларды аса қызықтырды. Әңгіме барысында балалар Қадиша Базарбайқызының бассейнге баруды ұнататыны, йогамен айналысатыны, адамдардың өмірі мен проблемалары туралы біліп, олармен көп кездесетіні жайында білді. Қонақтың пікірінше, балалар тәрбиесі туралы сұрақ ең жақсы сұрақ болды. Қадиша Базарбайқызы өзінің балалық шағын, ата-анасын есіне алып, ата-ананың үлгісі және ата-ана мен балалар арасындағы сенімді қарым-қатынас тәрбиедегі ең басты нәрсе – деп атап өтті. «Менің сүйіктіме, жақындарыма, мамандығыма деген махаббатым ұшан-теңіз. Ал өз мақсаттарына ұмтылған және арманы бар мықты адамдардың үлгісі табысты болуға көмектеседі. Кезкелген жұмысты соңына дейін жеткізіп, оны қызықты қылып көрсету – табыстылық принциптерінің бірі. Біздің елімізде, менің туыстарым мен жақындарыма қатысты болатын барлық процестерге белсене қатысу» – деп әңгімесін қорытындылады Қадиша Базарбайқызы. Аудиторияның ең жақсы сұрағы үшін М.Жұмабаев атындағы №39 гимназияның 9 «ә» оқушысы Дильназ Құспекова бенефис-шоудың басты кейіпкердің қолынан «Қарағанды. Қарағанды облысы» энциклопедиясын сыйлыққа алды. Балаларға «ЖҰЛДЫЗҒА теңескенше оқы» кітап көрмесінде заманауи балалар кітаптары танысу үшін, ал «Балалық шағымның кітабы» тақырыптық сөресінде Қадиша Базарбайқызы Оспанованың әсерлене оқыған кітаптары ұсынылды. Алаңда 21 сұрақ қойылды және олардың барлығына жауап берілді.