Наурыз 27, 2022 Тренинг By odb-abai inЖаңалықтар Коуч-психологтар Ольга Пенькова мен Татьяна Спиридонованың кітапхана оқырмандарымен жаңа кездесуі «Креативность: развитие творческого мышления» тақырыбына арналды. Зияткерлік еңбектің көптеген салалары креативті ойлау дағдыларын талап етеді. Бұл жасөспірімдердің өзін-өзі дамыту практикасына деген қызығушылығын дамытады. Тренинг барысында коучтер қатысушыларға шығармашылық ойлау тетіктері туралы айтып, бірнеше практикалық міндеттер қойды. Оқырмандар ата-аналарымен бірге тренингке белсенді қатысып, тренингтік сабақтардың пайдасы жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі жетілдіруі үшін айқын екендігі туралы қорытынды жасады.