Мазмұны 2020 жылы «Қызықты ғылым» – Физика, Химия, Биология, География, Табиғаттану элементтерін қамтитын курс үшінші жыл жүзеге асырылуда. Кітапхана оптикалық аспаптардың көмегімен биология, астрономия бойынша жаратылыстану-ғылыми түсініктерді дамытуға бағытталған оқырмандардың ой-өрісін кеңейтті. Зертхананың міндеті: балаларға ғылымның қаншалықты қызықты және көңілді болатынын көрсету, балалардың ғылымға деген қызығушылығын ояту, сонымен қатар балаларды танымал ғылыми әдебиеттерді оқуға тарту. Білім беру мақсаттары: балалардың микроскоп, телескоп туралы білімдерін бекіту, зерттеу құралдарын қолдана білуін қалыптастыру. Даму мақсаттары: балалардың телескопта қарастырылған әртүрлі заттарды микроскоппен салыстыру қабілеттерін дамыту, балалардың сөздік қорын ғылыми терминдермен белсендіру, қызығушылықтарын, зейіндерін, зерттеуге деген қызығушылығын дамыту. Жаратылыстану ғылымдары заңдарына негізделген кітапхана зертханасының қызықты сабақтары балаға қуаныш пен шаттық әкеледі. Бұл форматтағы жаңа білімді балалар оңай қабылдайды, кітапханашылармен бірге өткізілген сабақтар балалардың білімге деген қызығушылығын оятады. Зертхана бағдарламасы 10 практикалық сабақтардан, атап айтқанда тәжірибелер мен эксперименттерден тұрады. Балаларға арналған тәжірибелер қарапайым және түсінікті. Сонымен қатар, эксперименттер балаларға кітапхана ақысыз беретін материалдарға негізделген. Зертхана бағдарламасын құрастыру кезінде келесі принциптерді ұстанды: жас ерекшеліктерін ескеру, барлық балаларды белсенді әрекетке қосу, қол жетімділік пен көріну, теорияның практикамен байланысы. Өткізу мерзімі: 2020 жылғы 21 ақпаннан бастап әр айдың үшінші жұмасында сағат 15.00-де. Сабақтың ұзақтығы-1 сағат. Әрбір сабақ кітаптар мен журналдарды шолумен, зертхана тақырыбына сәйкес келетін танымдық роликтерді, мультфильмдерді көрсетумен сүйемелденеді. Өзектілік 2018 жылғы жазда инновациялық-әдістемелік бөлімі тарапынан балалардың бос уақытын ұйымдастыру және мектеп демалысы уақытында балалардың шығармашылық және танымдық қызметін дамытуға арналған тәрбие кеңістігін құру мақсатында «Қызықты ғылым» танымдық фактілер күндері циклы жүзеге асырылды. «Путешествие во времени – знакомство с техническими предметами, вышедшими из обихода», сумен, магниттермен, құммен, ас содасымен, «Көрінбейтін сия» эксперименталды сабақтар мен танымдық тәжірибелер өткізілді. Жазғы кезеңдегі эксперимен өткізу жұмысы балаларды қызықтырды, сондықтан тәжірибелер тақырыбын кеңейту және жаңа 2019 жылы «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасын құрып, оны жалғастыру шешімі қабылданды. Мазмұны «Қызықты ғылым» – физика, химия, биология, география және табиғаттану элементтерін қамтитын курс. Зертхананың міндеті: балаларға ғылымның қалай қызықты және танымды болатынын көрсету, балалардың жаратылыстануға деген қызығушылығын ояту, сонымен қатар балаларды ғылыми-танымал әдебиеттерді оқуға тарту. Түсінікті түрде түсіндірілген жаратылыстану ғылымы заңдары негізіндегі кітапханалық зертхананың танымдық сабақтары балаға үлкен қуаныш пен көңіл сыйлайды. Бұл форматтағы жаңа білімді балалар жеңіл қабылдайды, кітапханашылармен бірге өткізілетін сабақтар балалардың танымдық қызығушылығын тудырады. Зертхана бағдарламасы 10 практикалық сабақтан, атап айтқанда, тәжірибелер мен экспериментерден тұрады. Балаларға арналған тәжірибелер қарапайым және түсінікті. Бұдан басқа, эксперименттер кітапхана балаларға тегін ұсынатын материалдарға негізделіп жасалады. Зертхана бағдарламасын жасау барысында келесі принциптер ескерілді: жас ерекшеліктерін есепке алу, барлық балалардың іс-әрекетке белсене араласуы, қолжетімділік және көрнекілік, теория мен практиканың өзара байланысы. Өткізу мерзімі: 2019 жылғы 15 ақпаннан бастап әр айдың үшінші жұмасында сағ. 15.00. Сабақ ұзақтығы 1 сағат. Әрбір сабақта зертхананың тақырыбына сәйкес келетін кітаптар мен журналдарға шолу жасалады, танымдық роликтер, мультфильмдер көрсетіледі. БАҒДАРЛАМА 2021 БАҒДАРЛАМА 2019