Қазақтың лиро-эпостық дастанына 125 жыл

«Қыз Жібек» – қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастан.

«Қыз Жібек» жыры – аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері – Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды.

Жібек бейнесі – сұлулық пен әсемдіктің нышаны, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіші.


«Қыз Жібек» – лиро – эпостық жыр. VII-ғасырда жазылған. XIX ғасырдың екінші жартысында татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин Зайсан өңірінен «Қыз Жібек» жырын жинап, 1894 жылы Қазан қаласында бастырған. Сондай-ақ Жүсіпбек Шайхысыламұлы Қазан қаласында 1900, 1903, 1905, 1909, 1911 ж. қазақ тілінде жариялаған.

Жырдың халық арасына кең тараған да, аз тараған да нұсқалары бар. Бірақ барлық нұсқалары мен версияларына ортақ бір сюжеттің бары анық.

1988 жылы белгілі жазушы Бақытжан Қанапьянов эпосты орыс тіліне аударған.

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін насихаттайтын «Қыз Жібек» жырды ЮНЕСКО-ның өзі қолдап, 2008 жылы тарихи атаулы күндердің қатарына енгізгені белгілі.

 

1970 жылы «Қазақфильм» киностудиясында «Қыз Жібек» атты екі сериялық көркем фильм түсірілді (режиссері Султан – Ахмет Ходжиков), басты рольдерде – Меруерт Өтекешева және Құман Тастанбеков.

«Қыз Жiбек» – қазақтың тұңғыш операсы. Ұлттық нақыштағы әйгiлi классикалық туынды сахнаға алғаш рет 1934 жылы қанат қақты (композитор Е. Брусиловский, либретто Ғ. Мүсрепов).