Наурыз 28, 2024 «Записки одной души» атты онлайн кездесу By odb-abai inЖаңалықтар Балалар кітабының апталығы жалғасуда. Кітапханада Беларусь жазушы, публицист, прозашы, аудармашы балалар мен ересектерге арналған 50-ге жуық кітапттардың авторы Елена Стельмахпен «Записки одной души» атты телекөпір өтті. Шараға «Гвоздичка» балабақшасының бүлдіршіндері мен оқырмандар қатысты. Онлайн кездесу барысында балалар жазушыға сұрақтар қойып тұщымды жауап алып, автордың өлеңдері мәнерлеп оқыды. Қатысушылар Елена Анатольевнаның «Большое представление для Сонечки» кітабынан сахналық қойылым көрсетті. Жас әнші Аня Савченко «Песенку друзей» әнін орындады. Бұл әннің әуенін кітапхананың досы, қарағандылық композитор Людмила Мельникова жазған. Кездесу бағдарламасы өте мағыналы және де алуан түрлі болды: жазушының шығармалары бойынша суреттер көрмесі ұйымдастырылып «Қазынаны тап» ойыны ойнатылды.