Мамыр 20, 2024 «Жемқорлыққа жол жоқ!» дөңгелек үстел By odb-abai inЖаңалықтар Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған індеттің бірі. 20 сәуірде Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында кітапхана дөңгелек үстел өтті. Қоғамда тұтастық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет жүйесін қалыптастыру жұмысын жүйелендіру мақсатында өткізілген шараға кітапханананың бөлім басшылары және кітапханашылар қатысты. Кітапхананың басшысы Б. Уатаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолдары туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.