«Жетістік формуласы» бенефис-шоуы. Ерлан Әшіммен сұхбат. «Бизнесте қалай табысқа жетуге болады?»- деген сұрақ кәсібін жаңа бастаған барлық кәсіпкерлерді мазалайды. Бұған таң қалуға болмайды. Бизнес өз ісіңде үздік болып, биік шыңдарға жету үшін құрылған. Кітапхана оқырмандарына «Табысқа жету формуласы» бенефис-шоуы жобасының кейіпкері қарағандылық бизнесмен, «Нәтиже» компаниясының құрылтайшысы Ерлан Әшім «Табыс дегеніміз не және оған қалай жетуге болады?» -деген сұрақтың жауабын беруге тырысты. 10 қарашада №1 гимназияның, дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектеп-интернатының балалары және Қарағанды коммерциялық колледждің студенттері Ерлан Мұқатайұлына сүт зауытын құру арманын қалай жүзеге асырғаны, неге бизнесмен болғаны және табысты кәсіпкерліктің жолы қандай екені туралы сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Бенефис-шоудың қатысушылары қызу әңгіме барысында кәсіпкердің жеке өмірінен көп нәрсе білді. Ерлан Әшім 90 жылдары жұмыссыз қалып, бір нәрсемен айналысуы қажет болды, ол сауданы таңдады. Алғашында ұсақ тауарларды сатты, кейінірек нан пісірді, уақыт келе сүт өнімдерімен айналысуды шешті. Бүгінде Ерлан Әшім – «Нәтиже» компаниясының құрылтайшысы, «Milkhouse» сүт өнімдері дәмхана-дүкенінің иесі. «Нәтиже» сауда – саттық желісі 12 сүт дүкенінен тұрады. Өңірдің барлық ірі сауда желілерін қамту туралы шарттар жасалған. Орталық Қазақстанның кезкелген өңірінен қарағандылық сүт фабрикасының өнімін табуға болады. Бала кезінен өнегелі, адал адам болуды армандаған Ерлан Мұқатайұлының «Алдыңа мақсат қойып, жетістікке жет, уақытты босқа өткізбе, әрқашанда бірнәрсені үйренуге тырыс» өмірлік ұстанымы болды. Ерлан Әшім бала кезінде оқыған Б.Момышұлының «Я помню их», Н.Чуковскийдің «Балтийское небо», З.Акишевтің «Жаяу Мұса» кітаптары туралы балаларға тартымды әңгімелеп берді. Кітапханашылар сол кездердегі және сол басылымдардағы бұл кітаптарды қордан тауып, таныстыру үшін «Менің балалық шағымның кітаптары» тақырыптық сөресінде балаларға ұсынды. Бенефис-шоу кейіпкері бұл кітаптарды 35 жыл өткен соң көріп, қатты қуанды. Ерлан Мұқатайұлының өмірлік дүниетанымына әсер еткен кітаптар да болды, бұлар Александр Бектің повесі «Волоколамское шоссе», Шыңғыс Айтматовтың алғашқы романы «И дольше века длится день». Ерлан Әшім «Бизнес үшін нені құрбан етер едіңіз?» – деген сұраққа, «Мен өзімнің үлкен балаларымның балалық шағын көрген жоқпын. Мен жұмысқа кеткенде, олар ұйықтап жататын, мен жұмыстан келгенде, тағы да ұйықтап жататын» – деп жауап берді. Бенефис-шоудың қонағы дербес жетістік формуласы туралы сұраққа: «Егер сен өз жұмысыңды жақсы көрсең ғана, сен табысқа жете аласың»- деп жауап берді. Диалог өте мазмұнды және қызықты болды. Балалар 27 сұрақ қойып, барлығына жауап алды. Ерлан Әшім балалармен кездесуін «Мұндай кездесулерде мен біреулерге пайда әкелемін деп сезінемін. Бұл мені шабыттандырады» – деп қорытындылап, топтың әр қатысушысына «Milkhouse» дәмханасының таңғы асына шақыру билеттерін сыйлады.