Омаров, Досым. Абай мұрасын қолдану жолдары [Мәтін] / Д. Омаров. – Алматы : [б. и.], 2020. – 352 б.

Кітапта Абай мұрасын өмірде қолдану жолдары беріледі. Абай ілімі аясында адамзат өркениетінің құлдырауы, Кеңес Одағының ыдырау себептері, бүгінгі өтпелі кезеңнен шығу жолдары көрсетіледі. Рухани жаңғыру мәселесі сараланып, қазақтың ұлттық кодының қалыптасуы, білім алу сырлары, адам өмірінің түпкі мақсаты мен жету жолы беріледі. Абайдың «толық адам» ілімі талқыланып, қазақтың ұлттық идеясы ұсынылады.
Кітап абайтанушылар, студенттер және болмыс сырларына үңіліп, түсінуге ұмтылып жүрген көпшілік қауымға арналған.

0
1
2
3

Абайдың аудармашылық таланты [Мәтін] : оқу құралы / Ә. С. Тарақов. – Алматы : Қазақ университеті, 2018. – 259 б.

Ұлы ақынның Батыс әдебиетінен Гете, Шиллер, Байрон, А. Мицкевич, орыс классикасынан А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов, И. Бунин, Я. Полонскийден тәржімелеген туындылары талданып, бағаланады.
Қазақ поэзиясының классигі, ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың көркем аудармадағы ізденістері мен шеберлігі бұдан бұрын да зерттеліп, жекелеген аудармалары талданып, бағаланғанымен, заманауи аударматану ғылымы негізінде, түпнұсқамен салыстыра қайта сараптап, пайымдау уақыт талабы.
Филология ғылымының докторы, профессор Ә.С. Тарақов Абайдың Батыс және орыс ақындарынан аударған туындыларын жан-жақты зерттеді. Классиктердің шығармашылық өмір жолы берілген. Сонымен бірге поэзиясының аудармалары теориялық тұрғыдан терең талданады. Әр аудармадағы Абайдың ізденісін, балама, сәйкестік табу шеберлігін, аудару тәсілдері мен шешімдерін түпнұсқа мен аударманы салыстыра айқындап, дәлелдейді. Әр аударманы нақты талдап, сараптап, Абайдың аудармашылық талантын ерекшелейді. Шығыс пен батыс әдеби сабақтастығын саралайды.
Оқу құралы қалың көпшілікке әрі аудармашы мамандығында оқитын студенттер мен магистранттарға, ізденуші жас ғалымдарға арналған. Кітап әдеби стильде, оқырманның қабылдап, түсінуіне бейімделіп жазылған.

img652
img654
img655

Машанов, Ақжан. Әл-Фараби және Абай [Мәтін] / А. Машанов ; ред. Ж. Дәдебаев. – Алматы : Қазақ университеті, 2020. – 219 б.

Кітапта автор әл-Фараби мен Абайдың рухани байланысын, даналықтарының түпкі негізін, ілімдерінің әлеуметтік маңызын ашып көрсетеді.
Еңбек ә-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шәкірттеріне, ғалымдары мен оқытушыларына, зерттеушілеріне, әл-Фараби мен Абайдың даналығынан үлгі алғысы келген барша талапты жасқа, сондай-ақ көпшілік оқырманға арналған.

img656
img657
img658

Байғалиев, Бейсенбай. Абай өмірбаяны архив деректерінде [Мәтін] / Б. Байғалиев. – Алматы : Арыс, 2001. – 134 б.

Әдебиетші, мәдинет тарихын зерттеуші, архивтанушы, көне қазына білгірі марқұм Бейсенбай Байғалиевтің филология ғылымының кандидаты ғылым дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясын кітап ретінде ұсынып отырмыз.
Абай Құнанбайұлының өмір жолыны байланысты кей көлеңкелі тұстар мен күмәнді сауалдардың ақиқатын ашу – автордың мақсаты.
Кітап ғалымдарға, студенттерге, әдебиет тарихына құмар оқырмандарға арналады.

img659
img660
img661

Әуезов, Мұхтар. Абайды білмек парыз ойлы жасқа [Мәтін] / М. Әуезов. – Алматы : Санат, 1997. – 416 б.

Қолдарыңыздағы кітапта М. Әуезов қаламынан туған Абай өмірбаянының төрт түрлі нұсқасы жүйеленіп берілді. Абайдың өмірі мен шығармашылығын 20-жылдардан бастап зерттеген М.Әуезов ұлы ақынның ғылыми өмірбаянының алғашқы нұсқасын 1933 жылы, кейіннен жаңа деректермен толықтырып, 1940 жылы екінші нұсқасын, ал 1945 жылы үшінші, 1950 жылы ең соңғы нұсқасын жазды. Бұған сол кездегі қоғамдық-саяси ахуал, тарих талқысы, жаппай етек алған қуғын-сүргіннің әсері де аз болмады.
Оқу құралы студенттер мен оқытушыларға, мұғалімдерге, көпшілік оқырман қауымға арналған.

0
1
2
3