Сәуiр 20, 2018 Еліміздің жаңа мүмкіндіктері By odb-abai inЖаңалықтар №1 гимназияның 3 «А» сынып оқушыларымен ҚР Президенті РК Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын түсіндіру жөніндегі ақпараттық сағаты өткізілді. «Жолдау – жаңғырудың жаңа жолы» ақпараттық-слайдтық таныстырылымның көмегімен 2018 жылғы 10 қаңтарда жарияланған Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауының он негізгі міндеттері балаларға кеңінен танымал және қолжетімді нысанда түсіндірілді. Балалар өткізілген іс-шараға белсене қатысты.