«Қаныш Сәтбаев – ұлы геолог, ғалым» кітапханалық дәріс

«Қаныш Сәтбаев – ұлы геолог, ғалым» кітапханалық дәріс

Аса көрнекті ғалым, өз заманының әйгілі табиғат зерттеушісі, геолог, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қаныш Сәтпаев – ұлы геолог, ғалым» атты кітапханалық дәріс өткізілді.
Дәрісті Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Сәуле Қасымова жүргізді. Шараға Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ-ның 9-сынып оқушылары қатысты. Ел дамуына елеулі үлес қосқан ғалымның өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақатында «Қазақтың ұлы ғалымы Қаныш Сәтбаев» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып шолу жасалды.
Қазақстанның білімін, ғылымын, өнерін дамытуға зор үлес қосқан қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметін айшықтатын танымдық мәні бар мұндай шаралар оқушылардың жеке тұлға және болашақта әртүрлі саланың білікті мамандары ретінде қалыптасуында ерекше орын алары да сөзсіз.

Comments are closed.