Шiлде 11, 2018 «Жазғы демалысқа – жақсы кітаппен» By odb-abai inЖаңалықтар «Жаз. Балалар. Кітап» жазғы алаңында 11 шілде күні «Жазғы демалысқа – жақсы кітаппен» – атты ұранмен көрме-жарнамасы өтті. Шараға №44, 64 мектеп жанындағы жазғы лагерінің оқушылары қатысты. Балалар өздерінің оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісті, олар өздерінің қаншалықты көп оқитынын «Сүйікті кітап кейіпкерлерінде қонақта» атты викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы дәлелдеді. Іс-шараның жалғасы Қазақстандық балалар жазушысы Ағила Сауранның қызықты ертегілерін талқылаумен өтті. Балалар бір – бірімен әңгімелесіп, журналдар қарап, қызықты кітаптар оқып, өздерінің қиялдарын асфальтқа сурет салу арқылы жеткізді.