Наурыз 25, 2021 25-30 наурыз аралығында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы Балалар кітабының апталығын жариялайды. By odb-abai inЖаңалықтар Наурыз айының 25 күні «Мың тағзым саған, кітап!» атты Апталықтың салтанаты ашылуы болды. Іс-шара аясында Қарағанды облысы бойынша Халықаралық «Бір толқында» (Украина. Киев қ.) сурет байқауы мен балалар жазушысы А. Л.Бартоның 115 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Всем детям ровесница» онлайн фестивалінде ТМД елдері арасында біздің оқырмандарамыз да жеңімпаз атанды. Жеңімпаз балалар өлеңдерді мәнерлеп оқып, дипломдармен марапатталды. Аталмыш шарада «Оранжевый Ежик» оқиғалар агенттігінің қуыршақтары Лола – ангел мен Капитан Америка музыкалық флешмоб көрсетті. Сондай-ақ «Ертегі әлемі шақырады» ертегі терапия кітабының авторы, ақын, драматург, аудармашы, сатирик Маржан Аманқосқызы Ершумен кездесу өткізілді. Шараға №5,17,77,88,41 ЖББОМ мектептерінің 3-7 сынып оқушылары және Шахтинск, Теміртау, Абай қалаларынан ОКЖ кітапханашылары қатысты. Ершу Маржан Аманқосқызы Атырау облысы, Жылыой ауданында туған. Ақын өлең әлеміне Әйек деген лақап атпен енген. Маржан Ершудың «Кітапхана педагогикасы: ертегі терапия» атты кітабы балалар мен жасөспірімдерге арнаған ертегі терапия туралы ұлттық тәрбиеге негізделген тұңғыш жинағы. Шараға арнайы шақырылған қонақ Қарағанды қаласының жас оқырмандарымен кездесіп, болашақта еліміздің мақтанышы болар жас өркендермен мәнді де мағаналы әдемі сұхбат өрбітті. Балалар жазушының «Құдыретті қобыз», «Терістік жел мен бала», «Ақшабақ ару мен Шортан батыр» атты ертегілер барын біліп, ең алғаш дүниеге келген «Ит пен бала» туралы ертегіні қонақ балаларға әңгімелеп берді. Сонымен қатар, іс-шара барысында оқушылар жазушы аударған Ғ. Тоқай мен М. Каяның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.