«Киіз үй»

«Киіз үй»

ҚР Үкіметі бекіткен «Наурыз шуағы» тұжырымдамасы аясында 17 наурыз «Тарихқа тағызым күні» деп белгіленген.
Осы айтулы күнге орай Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында 17 наурыз күні сағат 14.00-де «КИІЗ ҮЙ» этноконструкторын жинаудан тренинг өтті.
Іс – шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды жандандыру, ата-бабаларымыздан қалған асыл-мұраны сақтауға, қастерлеуге шақыру.
Киіз үй жасау өнері – ЮНЕСКО-ның бейматериалдық мәдени мұралар тізіміне Қазақстанның атынан енген алғашқы өнер туындысы.
Киіз үй – тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ жайы. Солай бола тұрса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан-ғасырға оның мән-маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз.
Ата-бабаламыздың негізгі баспанасы – киіз үй, қазіргі уақытта жас оқырмандар арасында ерекше қызығушылық тудыруда.
Шара барысында кітапханашы балаларға киіз үй туралы жан-жақты мәлімет беріп, жүйелі түрде киіз үйдің құрылысы және жабдықтарымен таныстырды. Тренингке №20 ЖББОМ-тің 7 сынып оқушылары қатысы, балалар киіз үйді құрастыруға атсалысты.

IMG_1508
IMG_1516
IMG_1567
IMG_1574
IMG_1591
IMG_1594
IMG_1603
Comments are closed.