2017 жылдан бастап арт-шеберхана «Free Style» өз жұмысын бастады. Алғашқы сабақтарын балалар өздері жүргізді. Арт-шеберхананы жетекшілік етуді 5 сынып оқушысы Сайлау Шұғыла өз қолына алған болатын. 2018 жылдың қараша айынан бастап оқушылар үшін арт-шеберханада қазақтың ұлттық өнері кесте тігуді үйретуге арналған үйірме ашылды. Кесте – қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Кесте – сан ғасырлар бойына халқымыздың талантты ісмерлерінің көркем қиялдарын шеберлік құдіретімен бейнелеген ақыл-парасаттарының жауһары. Мата, тері, киіз, т.б. материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады. Қазіргі таңда арт-шеберхананы Ыбырайм Жайна жетекшілік етеді. Үйірмеге қатысушыларды кесте өнерінің тарихымен, кесте тігудің түрлерімен және технологиясымен таныстырады. Біздің кітапхана үйірмеге қатысу үшін керек құрал-жабдықтарды (ине, жіп, маталармен) тегін қамтамасыз етеді. 2024 жылдан бастап «Free Style» арт-шеберханасының сабақтарын арнайы шақыртумен қолөнермен әуестенетін немесе сол мамандықты игерген мамандар келіп жүргізетін болады. Шеберлер бұйымды қалай жасалатынын тәжірибе жүзінде үйретіп қана қоймай, шеберлік дәрістерімен де бөліседі. Барлықтарыңызды біздің арт-шеберханамызға шақырамыз! ЖОСПАР 2020 – IV тоқсан 2020 жыдғы біздің жұмыстарымыз ЖОСПАР 2021 ж. 2021 жылғы біздің жұмыстарымыз ЖОСПАР 2022 ж. 2022 жылғы біздің жұмыстарымыз ЖОСПАР 2023 ж. 2023 жылғы біздің жұмыстарымыз ЖОСПАР 2024 ж. 2024 жылғы біздің жұмыстарымыз