«Speakingclub» клубы

2021 жылғы қарашада Абай атындағы кітапханада «Speakingclub» клубы аясында жасөспірімдерге арналған ағылшын тілінің сөйлесу курсы ашылды. Бірінші сабақ 16 қарашада өтті.
Сабақтар тегін, бейресми жағдайда өтеді. Клубтың негізгі мақсаты – сөйлеу дағдысын жаттықтыру. Мұнда тек жаңадан білім алып қана қоймай, бұрыннан алғанды пайдалана алады. Қызықты және өзекті тақырыптарды талқылау кезінде тыңдалым және сөйлеу дағдылары қалыптасады. Тілдік кедергіні жеңу өзіңді сенімдірек сезінуге және жаңа достар табуға мүмкіндік береді.
Қатысушылардың жасы – 13 пен 15 жас аралығы. Кездесу сейсенбі күндері айына 2 рет өткізіледі.

16.11.2021 ж. «Speaking club»

IMG_5850
IMG_5860
IMG_5854
IMG_5849