Archive 2023

Жаңа жылдық дауыстап оқулар

Балаларға жаңа жылдық керемет көңіл- күй сыйлаудың ең қызықты тәсілдерінің бірі-олармен бірге отырып жаңа жылдық кітаптар оқу.
26 желтоқсанда кітапханада «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» циклынан жаңа жылдық дауыстап өтті.
«БЖЗҚ» АҚ Қарағанды облыстық филиалының көшпелі қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы Түсіпбекова Ақмарал және музыкалық – шығармашылық дуэт, әкесі мен қызы Баширов Максим мен Алиса біздің жобаның көркін келтірді.
Олар жаңа жылдық атмосферада балаларға Энглер Михаэльдің «Джозефина тәтеймен өткен Жаңа жыл» және Дедье Тьерридің «Рождество для волка» тамаша туындыларын оқыды.
Бард әндер фестивалінің «Дуэт» номинациясы бойынша бірінші дәрежелі лауреаттары Максим мен Элис Башировтардың музыкалық нөмірлері барлық қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды.

Дауыстап оқу

“Ертегілер мен оқиғалар сағаты” жобасы аясында кезекті дауыстап оқуда балалар мен ата-аналарға Татьяна Риктің «Бал для Вьюжки и Метельки» кітабынан қызықты әңгімелер оқылды.
Балалар шығармаларды үлкен ықыласпен тыңдап, талқылау барысында өз әсерлерімен бөлісті.

Отаным – қасиетті туған жер

Кітапханада 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Отаным – қасиетті туған жер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің басты мақсаты: Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына арналған кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды.

Тәуелсіздік күні

Еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында кітапханаға Қазыбек би ауданы бойынша үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің балалары, ата-аналары және әлеуметтік қызметкерлері келді.
Балаларға «Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім» атты еліміздің әнұранын шырқаумен басталған патриоттық сағат өткізіліп, тақырыптық кітап көрмесіне шолу жасалды, мемлекетіміздің қалыптасу жолы туралы бейнеролик көрсетіліп, Қазақстан Тәуелсіздігінің нығаюының тарихи белестері туралы әңгіме өрбіді. Балалар викториналық сұрақтарға белсене жауап беріп, шығармашылық үзілісте астананың символы – «Бәйтерек» монументін түрлі-түсті қарындаштың көмегімен бейнеледі.

«Қауырсын қалам» әдеби клубы

«Қауырсын қалам» әдеби клубы жыл қорытындысын шығаруда. Ақындыққа жаны жақын клуб қатысушылары арасында өздерінің шығарамаларын мәнерлеп жатқа оқудан   «Жас өркен» байқауын өткізуді ұйғардық.  Біздің ұсынысымызға поэзияға жаңадан қалам тербеп жүрген авторларымыздың  ішінен 8 үміткер жауап берді.
Қазылар алқасына  филологтар,  оқытушылар мен кітапханашылар шақырылды.  Байқауда финалға өткен 3 лайықты жұмыс анықталып, шығарма авторлары арнайы дипломдармен марапатталып,  сыйлықтар табысталды. Жеңімпаз жас ақындарымыздың өлеңдері республикалық мерзімді басылымдарда жарияланатын болады.
Амантай Аружан (1- орын), Серік Назерке, Надежда Коханенко (2 –  орын), Асылназ Дастонова (3 -орын) сынды  байқау қатысушыларын жүлделі орындарымен  құттықтаймыз.
«Қауырсын қалам» клубының  дамуына септігін тигізем дейтін  талантты ұл-қыздарымызды Қарағандының жас авторларының қатарын толықтыруға  шақырамыз.

«Free Style» арт-студиясы

Бүгін «Free Style» арт-студиясының кезекті сабағы Ботагөз Көшкімбаеваның жетекшілігімен балалардың қол саусақтарының ұсақ моторикасын және шығармашылық қабілеттерін дамытатын «Ниткография» – жіппен сурет салудың қызықты техникасын үйренуге арналды.
Үйірме мүшелері әр түрлі бояуларды қолдана отырып өздерінің қиялы мен шеберлік техникасын ұштастыру арқылы әдемі картинкаға қол жеткізді.

Ауызша журнал «Оқырманын тәнті еткен – Тәкен»

Бүгін Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Қарағанды техникалық экономикалық колледжі» ЖМ 1 курс студенттерінің қатысуымен Тәкен Әлімқұловтың 105 жылдығына арналған ауызша журнал форматында «Оқырманын тәнті еткен – Тәкен» атты танымдық іс-шара өтті.
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы п.ғ.м, докторант А.Қ.Қайырбекова арнайы шақырылып, өз ойымен бөлісті.
Мұндай форматтағы іс-шараның мақсаты: ауызша журналдың тарауларына сүйене отырып оқырмандарға қаламгердің өмірі мен стильдік ерекшелігіне тоқталу арқылы қаламынан туындаған шығармаларын насихаттау.

«Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті кәсібі» тақырыптық көрмесі

Желтоқсан айында бүкіл әлемде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні атап өтілетіні баршамызға мәлім. Ал, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты сыбайлас жемқорлықтан азат мемлекет құруға бағытталған және сыбайлас жемқорлықты жою арқылы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Атаулы күнге орай Абай атындағы балалар кітапханасында «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселелері» атты тақырыптық көрме рәсімделіп, көрмеге Сыбайлас жемқорлықтың қазіргі таңдағы жағдайына байланысты материалдар, Қазақстанның танымал адамдарының қанатты сөздері, буклеттер мен плакаттар қойылды.

Мейірімділік әлемді құтқарады

4 желтоқсанда Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы № 88 орта мектептің 3-сынып оқушылары үшін Халықаралық мүгедектер күніне орай «Мейірімділік әлемді құтқарады» мейірімділік сабағын өткізді. Кітапханашы балаларға «жақсылық» пен «қайырымдылық» ұғымдарын және адамдар бір – біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасай алатынын еске салды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Махаббат, қайырымдылық, мейірімділік бұл әлемді қатыгездіктен және жек көруден сақтайды. Балалар «Сыпайы сөздер», «Адамгершілік қасиеттер» ойындарына қатысты. Шара соңында оқушылар «Цветик- семицветик» ертегісін тыңдап, талқылап, сыпайы сөздер мен ізгі іс-әрекеттер – әдептіліктің алғышарты екенін айтты.

«Көңілді ағылшын»

«Көңілді ағылшын» үйірмесінің кезекті сабағы «My favourite place. Менің сүйікті жерім» тақырыбында өтті. Балалар қызықты «Қолтырауын» ойынын ойнады, сондай-ақ қаладағы жиі баратын сүйікті жерлері туралы айтып берді.