Archive 2023

«Кел, қазақша сөйлейік!»

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Сиқырлы түстер еліне саяхат» тақырыбында өткізілді. Үйірме сабағында балалар түстерді қазақ тілінде айтып, түрлі ойындар, сөзжұмбақтар шешіп, «Түстер» әнің орындады.

Құрметті достар!

   Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Айтулы мерекеге орай кітапханада ғажайып фото-аймақ және тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Фото-аймақ аясында әр оқырман бала өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі ақжаулықты аналар мен әжелерді, туыстарын, достарын және таныстарын құттықтауға мүмкіндік ала алады.

«Анамның сүйікті кітабы» атты әдеби сағат

Кітапханада 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арнап №88 ЖББМ 3 сынып оқушыларының қатысумен «Анамның сүйікті кітабы» атты әдеби сағат өткізілді. Балалар аналары балалық шағында қандай кітаптар оқығаны туралы бейнероликтер дайындап көрсетті.
Ұл балалар «Әйелдер қол сөмкесі», «Гүлді шалғын», «Проверка на внимательность», «Ханшайым мен бұршақ» және т.б танымдық ойынға үлкен қызығушылықпен қатысты. Шара соңында кітапханашы балалардың назарына ата-аналары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша дайындалған «Анамның сүйікті ертегісі» слайд ұсынды.

«Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» тақырыптық көрме

Абай атындағы кітапханада «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Кітап көрмесі оқырман балаларды сыбайлас жемқорлық ұғымымен және оның қоғамдағы әртүрлі көріністерімен таныстыруға бағытталған. Көрмеге кітаптар, мерзімді басылымдар, интернет-ресурстардың материалдары қойылды. Көрме 6 сәуірге дейін жалғасады.

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты»

Кітапханашы «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» циклі аясында оқырман балалар мен ата-аналарға Сара Шахинканаттың «Три кота, одно желание» кітабын дауыстап оқыды. Тыңдаушылар достық туралы шағын әңгімені бар ынтамен тыңдады.

«Көңілді ағылшын»

   «Көңілді ағылшын» үйірмесінің кезекті сабағы «Pets. Үй жануарлары» тақырыбында өтті. Балалар «Animal noises.Жануарлар дауысы» қызықты ойынын ойнап, үй жануарлары бейнеленген суреттерді сөздермен сәйкестендіріп, ағылшын тіліндегі баламаларын жаттады. Сабақ соңында балалар үй жануарлары жайында ән айтып, би биледі.

«Көктемгі палитра» суреттер көрмесі

Көктем айы – жылдың ең керемет және ерекше бір мезгілі. Біздің кітапханамызда да көктемгі көңіл-күй.
Кітапхананың оқу залында Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің қорынан «Көктемгі палитра» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде әртүрлі авторлардың табиғат тақырыбы, көктемгі гүлдер мен әйел бейнесі біріктіретін 9 түрлі суреттер ұсынылған.
Келіңіздер! Көріңіздер! Көрмені бағалаңыздар!

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БАЙҚАУ!

Кітапхана 01.03-19.04.2023 ж. аралығында «Дарынды бала әлемі» кітабы бойынша 5 жасқа дейінгі балаларға арналған қазақ және орыс тілдерінде «Ертегі ойнаймыз» театрландырылған қойылымдарының қалалық байқауын өткізеді.

«Шуақ»

Көктемнің алғашқы күнінле «Шуақ» шығармашылық студиясының қатысушылары Д.Жұмагелдиеваның «Найди меня, мама» ертегісін оқып болған соң, қатты қағаздан және түрлі-түсті ермексаздан «Ғажайып ағаш» қолөнерін жасады.

«Шәкәрім оқулары» Республикалық байқау

Бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай, «Шәкәрім оқулары» Республикалық байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.
Іс-шараға қала мен аудан мектептері арасында өткен байқаудың жеңімпаздары қатысып, ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Қатысушылар Ш.Құдайбердіұлының шығармашылығынан арналған сұрақтарға жауап беріп, берілген өлеңдердің шумақтарын талдады.
Шет ауданы С.Сейфуллин кентінен 6 сынып оқушысы Марбекқызы Динара арнайы дипломмен марапатталып және Ақтоғай ауданы Ақши негізгі орта мектебінің 7 сынып оқушысы Амангелді Диана облыстық байқаудың жеңімпазы болып Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастырумен өтетін республикалық байқауға жолдама алды. Сайысқа қатысқан барлық үміткерлерге сертификаттар табысталды.
Құрметті оқырмандар, асыл мұрамызды ең алдымен оқушылардың жадына сіңіріп, ұлттық құндылықтарымызды насихаттаудан қол үзбейік.