Archive 2024

«Чучело» фильмін көру

Жексенбі күні «Книгокиномания» клубының отырысы аясында «Әсем» балалар үйінің тәрбиелушілері Р.Быковтың «Чучело» фильмін көру ұсынылды. Фильм, кітап сияқты, ешкімді бей-жай қалдырмады, өйткені балаларды қорқыту тақырыбы бүгінгі күнге дейін өте өзекті.
Фильмді тамашалаған соң балалар арасында кітап пен фильмді салыстырып өзара пікірталас өтті.

«Егеменді елдігім -Тәуелсіз теңдігім» панорамалық кітап көрмесі

Еліміздің басты мерекелерінің бірі – Тәуелсіздік күні жақындап келеді! Осы күнге орай кітапхананың оқу залында «Егеменді елдігім – Тәуелсіздік теңдігім» панорамалық кітап көрмесі рәсімделді.
Көрмеде еліміздің Тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектері және тәуелсіздік жылдарда баспадан шыққан әдеби туындыларымен және мерзімді басылымдар беттеріндегі материалдар қамтылған.
Сондай-ақ, соңғы қазақ ханы Кенесарының ерлігі қандай болды? Қазақ зиялыларын біріктірген «Алаш» ұлттық қозғалысына кім кірді? 1986 жылдың желтоқсан айының суық таңында Алматы көшелеріне шыққан студенттер қандай талаптар қойды?
Құрметті оқырмандар!
Мұның бәрін Сіздер кітапханада ұйымдастырылған көрме арқылы біле аласыздар. Кітапханаға келіңіздер! Кітап әлеміне бірге барайық!

«Алаш абызы – Әбіш Кекілбаев» әдеби шолу

Кітапханада жазушы және қоғам қайраткері Ә.Кекілбаевтың туғанына 85 жыл толуына арналған «Алаш абызы – Әбіш Кекілбаев» атты әдеби шолу өтті. Іс-шараны «Кітапхана ісі» факультетінің Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің 2 курс студенттері Дильназ Сарбокова мен Лунара Амандық студенттік тәжірибе аясында дайындады.
Әдеби шолу барысында колледж оқытушылары А.Дүйсембекова мен К.Мұханбетчина сөз сөйлеп, балаларды автордың негізгі шығармаларымен таныстырды. Іс-шара соңында балалар Kahoot қосымшасының көмегімен құрылған әдеби викторинаға қатысты.

Жаңа жылдық ойыншықтар

«Шуақ» үйірмесінің кезекті сабағы жаңа жыл тақырыбына арналды. Жаңа жыл – ересектер мен балалар асыға күтетін керемет қыс мерекесі. Көрме балалармен бірге жасаған қолөнер бұйымдарымен және ойыншықтармен жарқын, әрі әдемі болды.

«Қала картасындағы кітапхана» библиодесанты

Кітапханашылар тағы да библиодесант жасады, бұл жолы №17 ЖББМ -ке барды. Кітапханашылар Абай атындағы балалар кітапханасы туралы сырттай таныстырылым өткізіп, виртуалды экскурсия ұсынды. Ұсынылған басылымдар балалардың назарын аударды. Балалар әдебиетке қызығушылық танытып, алдағы демалыс күндері кітапханаға келуге уәде етті.

«Құқық әліппесі» ақпараттық сағаты

Халықаралық адам құқықтары күні аясында «Құқық әліппесі» атты ақпараттық сағаты өтті. Андрей Усачевтің «Приключения маленького человечка» кітабы бойынша Қарағанды облысында қоғамдық бастамаларда бала құқықтары жөніндегі уәкіл Киселева Ирина Болеславовна балаларды негізгі құқықтар және міндеттерімен таныстырды.
Сондай-ақ, қатысушылар білім мен демалысқа, медициналық көмек пен дұрыс тамақтануға, ересектердің сүйіспеншілігі мен қамқорлығына, зорлық-зомбылықтан қалай қорғануға болады және басқа да құқықтары туралы білді. Балалар сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді, түрлі өмірлік жағдайларды талқылады.

«Алаш абызы – Әбіш Кекілбаев» кітап көрмесі

Биыл танымал әдеби проза және көркем сын шебері, жазушы, аудармашы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл толады.
Кітапханада автордың өмірі мен шығармашылығына арналған «Алаш абызы – Әбіш Кекілбаев» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде жазушының шоқтығы биік романдары «Үркер», «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры», «Ханша – дария хикаясы», «Шыңырау», «Күй» және т.б шығармаларының жинақтары, сондай-ақ мерзімді басылымдардың сыни мақалалары ұсынылған. Оқырмандарды 20 желтоқсанға дейін жалғасатын көрмеден қаламгердің шығармаларын оқуға шақырамыз.

«Керамикалық магниттерді бояу» шеберлік сыныбы

Керамикалық бұйымдарды бояу бұл қарапайым және қызықты шығармашылық процесс, ол әр адамның хоббиы ғана емес, сонымен қатар ерекше сыйлықтар жасауға ықпал етеді.
Біздің тәлімгеріміз Гүлжан Абдикашева өткізген шеберлік сыныпта балалар саздан жасалған магниттерді бояды. Олар өздеріне берілген жұмыстарды мұқияат орындады.

«Мейірімділік жүректен»

Біз мейірімділік, шынайылық, қайырымдылық сияқты сөздерді жиі айтамыз. Кітапханашы «Гүлнұр» балабақшасының тәрбиеленушілеріне өткізген «Мейірімділік жүректен» атты ізгілік сабағында дәл осы адами құндылықтар туралы сөз болды. Балалар жүргізушінің әңгімесін мұқият тыңдап, өздері талқылап, бір-біріне туған-туыстарына, достарына және айналасындағыларға қатысты игі істер туралы айтып, «Ізгі сөздер» ойынын ойнады.
Олар боялған жапырақтардан «Сүйіспеншілік пен ізгілік» атты жақсылық ағашын жасады. Іс-шара «Мейірімділік» атты көрнекі көрсетіліммен жалғасты.