Archive Сәуiр 2024

«Біздің күшіміз – Қазақстан халқының бірлігі» танымдық сағат

Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында кітапханада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Біздің күшіміз – Қазақстан халқының бірлігі» атты танымдық сағат өтті. Іс-шара Қазыбек би ауданының үйіндегі әлеуметтік көмек бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп дайындалды.
Қатысушыларға тәлімгерлер бейнероликтер көрсетіп, ойындар ойнатып, логикалық тапсырмалар арқылы бұл мерекенің маңыздылығы мен өзектілігі туралы әңгімелеп берді.

«Free Style» арт-студия

28 сәуірде Абай атындағы кітапханада салпыншақ қуыршақ жасау бойынша қызықты шеберлік сабағы өтті. Тәлімгер Екатерина Филатованың жетекшілігімен жас қолөнершілер әртүрлі салпыншақ қуыршақтар жасады.

«Бояулар сыры» кітап иллюстрациясының қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

Кітапханада Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Бояулар сыры» кітап иллюстрациясының қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.
Байқаудың мақсаты – қазақ балалар прозасының озық үлгілерін оқу арқылы қазақ балалар әдебиетін насихаттау. Байқау 11-13 жас аралығындағы балалар арасында болды.
Сайысқа қаламыздың 22 мектебінің оқушыларынан 60 – ға жуық жұмыс келіп түсті.
Қазылар алқасының құрамына: стрит – арт суретші Талипов Илья Ералнович, №3 өнер мектебінің сызу мұғалімі, Қарағанды қаласы Жас суретшілер одағының мүшесі Шапошев Алексей Михайлович және №2 Оқушылар сарайының сызу және кескіндеме пәнінің оқытушысы Нурумбетова Аружан Мухтаровна енді.
Байқау жеңімпаздары:
1 орын – Тынысбекқызы Диана, «М.Ержанов жалпы білім беретін мектеп» КММ (графикалық планшет)
2 орын – Манатова Адиля, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы» және Оспанова Дильназ, «№33 бөбекжай-мектеп кешені» (фитнес білезік)
3 орын – Куанышева Нургуль, «№53 мектеп-лицейі» және Дюсемби Ханыкей, «№97 гимназия» (акустикалық жүйе)
Номинациялар бойынша:
«Үздік композициялық ізденіс» – Мауленина Айнурым, «Ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» (құлаққап)
«Аяжанның үздік бейнесі» – Гришина София, «№21 негізгі орта мектебі» (құлаққап)
«Минимализм шебері» – Оморкулова Мадина, «№87 негізгі орта мектебі» (құлаққап)
Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ байқауға қатысқан барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Жеңімпаздарды марапаттау Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен өтті.

«Балалар, Сіздер үшін жазамыз!» жобасы

Бүгін кітапханада «Балалар, Сіздер үшін жазамыз!» кітапханалық жобасы шеңберінде балалармен кездесуге қарағандылық жазушы, ақын Марина Васильевна Алясова келді.
Ол 2023 жылы «Ашық Еуразия: Суперкубок» халықаралық Британдық байқауы аясында «Балаларға арналған Проза» номинациясы бойынша Мария Шевель сыйлығының иегері.
Автордың осы шығармалар жинағы балаларға арналған әдебиеттің дамуына және танымал болуына айтарлықтай үлесін қосты.
Кездесу барысында «Әсем» отбасылық балалар үйінің тәрбиеленушілері жазушының «Выход есть всегда» ертегісінің сахналап қойылым көрсетіп, «Нұрби» ансамблінің жас бишілері «Шығыс» биін ұсынды.
Жазушымен өткен танымдық кездесу балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын оятып, өмірде дұрыс жолды таңдауға көмектеседі деген үміттеміз.

Себет

«Шуақ» шығармашылық студиясының кезекті сабағы Шарль Перроның «Қызыл телпек» ертегісін талқылаудан басталды, содан кейін балалар түрлі-түсті қағаздан әдемі себет жасады.

«Алабұға аулаған күн» әдеби ойын

Кітапханада күні кеше атап өтілген 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай Қарағанды облысының тілдер дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының ұйымдастырумен балалар жазушысы Толымбек Әбдрайымның «Алабұға аулаған күн» атты шығармасы бойынша әдеби ойын өткізілді.
Іс-шараға келген Н.Әбдіров атындағы ЖББМ-тің 7 сынып оқушылары жазушының «Алабұға аулаған күн» әңгімесі бойынша берілген тапсырмаларды үш топқа бөлініп орындап әдеби ойынға белсене қатысты.
Аталмыш шараны Ресурстық тіл орталығының оқытушысы Мерей Хурман жүргізді.

«Француз ертегілерінің сиқыры» шығармашылық ательесі

Кітапхана Қарағандыдағы Француз альянсымен бірлесіп «Француз ертегілерінің сиқыры» атты шығармашылық ательесі өткізді. Аталмыш шара барысында қатысушылар француз халқының ертегілері бойынша ұйымдастырылған квиз ойына қатысты.

«Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» кітап көрмесі

Қазақстан халқының бірлігі күні – Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. Абай атындағы кітапхананың оқу залында «Ынтымағы жарасқан туған өлкем Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге еліміздегі өмір сүріп жатқан халықтардың сан алуандығын ашатын кітаптардың қатарында: «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы», «Қазақстан халқы», «Ортақ шаңырақ астында», «Корейцы Казахстана», «Польские певцы Казахстана» және т.б. қойылды. Көрме мемлекетіміздің ұлтаралық келісім мен толеранттылықты нығайту жөніндегі саясатын көрсетеді.
Кітап көрмесі оқырмандар назарына 22 сәуірден 3 мамырға дейін ұсынылады.

«Книгокиномания» клубы

Кітапханада «Книгокиномания» клубының мүшелері 1999 жылы шыққан британдық режиссер Марта Файнстың дебюті «Онегин» фильмін тамашалады.
Фильм Александр Пушкиннің «Евгений Онегин» өлеңдері желісімен түсірілген. Жиынға қатысушылар кітап пен филімнің айырмашылығын талдап өз ойларын білдірді.

«Free Style» арт-шеберханасы

Чокер – қазіргі таңда заманауи әрі сәнді бұйым түрі. Кітапханада өте майда дөңгелек, қырлы, төрт бұрышты, ұзынды-қысқалы сан алуан моншақтарды қолдана отырып чокер (моншақ) жасау бойынша шеберлік сабағы өтті. Қыз балалар өз фантазияларындағы әдемі чокерлерді жасап, өздеріне естелікке алды.