Archive 2024

«Кітапханаға саяхат»

2024 жылдың 5 ақпанында кітапхана Г.Потанин атындағы орта мектептің 1 сынып оқушыларына есігін айқара ашты. Кітапханашы балаларға «Кітапханаға саяхат» атты қызықты экскурсия өткізді, балалар энциклопедияларымен, мерзімді басылымдармен, көркем әдебиетпен, білімнің түрлі салалары бойынша әдебиеттерімен танысты. Оқушылар «Ертегіні тап» викторинасында ертегі кейіпкерлері туралы қызықты сұрақтарға жауап берді. Кітапханаға экскурсия танымды және қызықты болды.

«Free Style» арт-шеберханасы

Бүгін кітапханамыздың белсенді оқырманы, Давлатияр Аружан, «Free Style» арт-шеберханасында кәдімгі түрлі-түсті қағаздан құлпынай пішініндегі сыйлық қорапшасын жасау идеясын үйірме қатысушыларымен бірлесе отырып жүзеге асырды.
Бұл әдетте қорапқа салатын сыйлықтың көлеміне сай әртүрі өлшемде жасалады.
Құрметті оқырман, бұл сіздің де қолыңыздан келеді! Сізді шеберлік сабағымыздың келесі сағатында асыға күтеміз!

«Пайдасы мол демалыс» әдеби бәйгесі

«Пайдасы мол демалыс» әдеби бәйгесі өз мәресіне жетті! Қысқы демалыс кезінде «Ақпараттық технологиялар» ММЛИ және «Таңшолпан» БҚО 5-сынып оқушыларына Н.Домбайжының «Хакер әжей», «Одиссейдің басынан кешкендері», Х.Керманидің «Бала Мәжиттің хикаялары», М.Твеннің «Приключения Тома Сойера», В.Железниковтың «Чучело», Э.Поттердің «Полианна» сынды кітаптарын оқып, оқылған кітаптар жайлы пікірлерін жазып, иллюстрациялар салу және жазушылардың өміріне қатысты 5 дерек табу тапсырмасы берілді.
Оқырмандар берілген тапсырманы ойдағыдай орындап, 15 иллюстрация, 17 шолу, 15 өмірбаяндық зерттеулерін ұсынды.
Әдеби бәйге жеңімпаздары: «Ең үздік иллюстрация» номинациясымен Сирочдинов Роман, Тютнева Ева, «Кітап туралы үздік шолу» номинациясымен Джайлаубаев Али, Сур Михаил, «Жазушы туралы 5 дерек» номинациясымен Тілеужан Айзере, Тимофеева Софья. Оқырмандарымызды марапаттарымен құттықтаймыз, жаңа шығармашылық табыс тілейміз.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Ерке төлдер» тақырыбында өткізілді.
Балалар жылқы, құлын, сиыр, бұзау, қой, қозы, ешкі, лақ т.б. үй жануарларының атауын қазақ тілінде айтып үйренді. Суретте жасырылған аңдардың суретін тауып, олар туралы айтып берді.

Полиция – мәртебелі мамандық кездесу кеш

Кітапханада әр түрлі мамандық өкілдерімен кездесу циклі аясында «Барлық мамандықтар қажет, барлық мамандықтар маңызды» тақырыбында балалар орталық полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық бөлімінің аға криминалисті подполковник Шушаев Сағынтай Күзембайұлы және Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің рота командирінің орынбасары Мұрат Ерасыл Сәбитұлымен кездесті.
Балаларға полиция қызметкерлері қылмыспен және құқық бұзушылармен күресетіндіктерін және де қоғамдық тәртіпті қорғаумен, сондай-ақ азаматтардың жеке қауіпсіздігімен айналысатындары жайлы айтып берді.
Шараға қатысушылар полиция қызметкерлерімен бірге үйде, көшеде және жол қауіпсіздігі туралы яғни жүріс-тұрыс ережелерін, сондай-ақ қиын жағдай болған кезде жүгінуге болатын арнайы қызметтердің телефон нөмірлерін естеріне түсірді. Қол іздерін тексеретін сарапшының криминалистикалық чемоданы туралы да балаларға мәліметтер берілді.
Саусақ ізі туралы әңгіме мектеп оқушыларының ерекше қызығушылығын тудырды. Балалар криминалист-сарапшы рөліне еніп, оқиғаның шартты орнында іздерді табуға, әртүрлі жерлерден іздерді табуға тырысты.
Полиция қызметкерлерімен өткен қызықты кездесу балалардың есінде ұзақ уақыт бойы сақталып қалатын болды өйткені оқушылар өздері үшін көптеген пайдалы нәрселерді көзбен көріп қолмен ұстап көрді, құқық
қорғау органдарының жұмысының маңыздылығы мен қажеттілігін түсінді.

«Жазуы ерен – ойы терең» атты Сүйіндік Жанысбаймен кездесу

30 қаңтарда Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында туған жердің мерейгер ақын – жазушыларының туындыларын дәріптеп насихаттауға арналған қарағандылық жерлесіміз Қазақстан журналистер одағының және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі Жанысбай Сүйіндік Жұмабайұлына 75 жас толуына арналған «Жазуы ерен – ойы терең» атты кездесу өтті.
Кездесудің құрметті қонақтары ардагер журналистер А.Жанғожин, Ә.Тойжігітов және халықаралық журналист С.Батырханова және арнайы шақырылды.
Кездесу кеші техника-экономикалық колледжі студенттерінің және Ә.Ермеков атындағы мектеп – лицейі оқушыларының қатысуымен өтті.
Іс- шара барысында қаламынан туған әр шығармасында ұлттық рух пен елдік мүдде айқын көрініс тапқан, қазақ журналистикасының көрнекті өкілдерінің бірі, жазушы Сүйіндік Жанысбайдың қоғам ¬дамуына белсенді атсалысып, облыс тарихын зерттеп, өлкетануға қосқан үлесі жайлы көптеген мәліметтер айтылды. Кітаптарына шолу жасалды. Қаламгерге Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқарамасы басшысының алғыс хатымен марапатталып, естелік сыйлық табысталды.
Бастауыш сынып оқушылары автордың ертегісінен шағын қойылым қойып, бала жастан өлең жазуға құмар Сүйіндік атамыздың жырларынан үзінді оқыды.

«Кітапкиномания» клубы

Ашылуын көптен күткен «Кітапкиномания» клубы өз жұмысын бастады! Бұл оқуды және жақсы фильмдерді көруді ұнататындар үшін тамаша кездесу орны болмақ. Клуб қатысушылары әдебиет пен киноны байланыстыру мақсатында. «По щучьему велению» ертегісін тамашалады. Фильмде мейірімге толы, позитивті сәттер көп болды.
Кездесуге Қарағанды киноклубының жетекшісі Владимир Зуев қатысты. Ол өзінің 2013 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан клубының қызметі мен қатысушылары туралы айтып берді. Көптеген оқырмандар көрмеген жаңа фильмдерге шолу жасап, кітабын оқуды ұсынды.

«Мандала тоқу» шеберлік- сыныбы

28 қаңтар күні «Free Style» арт-шеберханасының қатысушылары «Мандала» жасау техникасын үйренді. Шеберлік сағатында мандала тоқудың шебері Жанна Попова өзінің мол тәжірибесімен бөлісті.
Таяқшалармен өрілген түрлі – түсті жіппен тоқылған шеңбер балалардың шығармашылыққа деген қабілетін арттырып, тоқу барысында мидағы жағымсыз ақпараттармен күресуге мүмкіндік береді.
Құрметті оқырман жыл бойы түрлі тақырыпта өткізілетін шеберлік -сағатынан қалыс қалмай сен де қатыс. Біз сені күтеміз.

 

«Жолбарыс»

«Шуақ» шығармашылық студиясының кезекті сабағында балалар «Жолбарыс пен тышқан» ертегісі бойынша жолбарыстың көлемді аппликациясын жасады.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Менің отбасым» тақырыбында өтті.
Балалар «Аруна» баспасынан шыққан «Суретті қазақ тілі» кітабын пайдалана отырып, балалар отбасы мүшелерінің яғни ата, әже, әке, ана, қазақша атауларын айтып үйренді. Сонымен қатар «Бұл кім» ойынын ойнады.