Балалық шаққа саяхат

Балалық шаққа саяхат

Кітапхана Халықаралық балаларды қорғау күнін орай «Балалық шаққа саяхат» атты кітапхана кеші өтті.
Шара ағымдағы жылы қазақ балалар әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Мерекеге Алматы қаласынан арнайы қонаққа «Менің атым Қожа» фильмінде басты рөлді сомдаған актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, сценарист Нұрлан Санжар шақырылды.
Келушілерді көптеген тосынсыйлар күтіп тұрды. Балалар ата-аналарымен бірге полимерлі шайырдан зергерлік бұйымдар жасау бойынша шеберлік сабақтарына қатысты, саз бұйымдарын бояуды үйренді, «пионер лагеріне» барды, актерлік студияда және иллюзионистер шоуында көңіл көтерді, вафли пісіруді үйренді, ұлттық ойындар ойнады, сонымен қатар болашаққа көз жүгірткісі келетіндер нумерологтың болжамын алды.
Әртүрлі алаңдардан балалар өздеріне қойылған сұрақтарға жауап беріп, олар жинаған жетондарын «кітапхана банкінде» сомға айырбастады және оларды «Бал бала» шайханасында ас мәзірімен танысып тәттілер, шырын, йогурт, баурсақ, бәліш сатып алуға жұмсады.
Іс-шарада қарағандылық өнерпаздар ішекті музыкалық аспаптарда ойнап танымал әндер шырқап мерекенің сәнін келтірді.
Кітапхана кеші ұтыссыз лотерея ойынымен аяқталды.
Мерекенің демеушілері: «Арт Фиеста» дүкені, «Балалар әлемі» дүкені (City Mall), «Атамұра» корпорациясы, «Планета игрушек», «Нәтиже» сүт фабрикасы, «Қасым» баспасы, балмұздақ зауыты «Аiza».

Comments are closed.