Archive 2024

«Шеге мен Балға»

«Шеге мен Балға» үйірмесінің кезекті сабағы «Қол құралдары» тақырыбында өтті. Үйірме мүшелері қысқыштар, бұраушытар, қайшылар және т.б. қол құрал-саймандары жинағымен танысты. Балалар үйірме жетекшісінің сабағын мұқияат тыңдап танысқан құралдарын іс жүзінде пайдаланып көрді.

«Өзін-өзі жүзеге асыру алгоритмдері» тренингі

Кітапханада «Мен – тұлғамын» коучинг – орталығы аясында оқырмандар үшін «Өзін-өзі жүзеге асыру алгоритмдері» атты тренинг өткізілді.
Тренинг балаларға тиімді оқу дағдыларын дамытуға, мотивация мен өзіне деген сенімділікті арттыруға бағытталған. Тренингті ойын түрінде психолог Е. Верховяк жүргізіп, қорқынышты жеңу әдістемесімен бөлісті, сонымен қатар балаларға өзінің мүмкіндіктері туралы жағымды сенімдерді қалай қалыптастыру керектігі туралы айтты.

«Free Style» арт-шеберханасы

Кітапханада тоқыма тоқу бойынша тәлімгер Светлана Киммен екінші шеберлік сыныбы өтті. Қыздар өз жұмыстарын аяқтап, білімдерін бекітті. Бетбелгілер ыңғайлы және стильді болып шықты.

«Шеге мен Балға»

«Шеге мен Балға» үйірмесінің кезекті сабағы «Қол құралдары» тақырыбында өтті. Үйірме мүшелері қысқыштар, бұраушытар, қайшылар және т.б. қол құрал-саймандары жинағымен танысты. Балалар үйірме жетекшісінің сабағын мұқияат тыңдап танысқан құралдарын іс жүзінде пайдаланып көрді.

«Ұшқыш ерлігі – ұрпаққа үлгі» еске алу сағаты

Биыл Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіровтің туғанынан 105 жыл толып отыр. Қарағанды топырағынан шыққан әскери ұшқыштың құрметіне кітапхана мамандары Н.Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектепке барып, батырға арналған мұражайда «Ұшқыш ерлігі – ұрпаққа үлгі» атты еске алу сағатын өткізді. Оқушылар елі үшін құрбандыққа жанын берген қазақтың аяулы батыр ұлы Нұркен Әбдіровтің ерен ерлігі туралы көптеген мәліметтер алды.
Шара болашақ ұрпақ бойына патриоттық сезімді, Отанды қорғауға, азаттық үшін күрескендерге құрмет көрсету мақсатында өтті.

«Ақынға тағзым» кітапханалық дәріс

Бүгін кітапханада қазақтың дүлдүл ақыны, публицист Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жылдық мерейтойына орай «Ақынға тағзым» атты кітапханалық дәріс өткізілді.
Дәріске Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің, қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Арайлым Жәркенқызы Сиязбаева жүргізді. Шараға Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясының 9 «Б» сынып оқушылары.
Шара барысында І.Жансүгіровтің еңбектері, атқарған қызметтері жайлы мағлұмат алып, ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында бейнеролик тамашалады.
Кеш соңында «Қазақ поэзиясының құлагері» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

«Ғасырлар үні» музыкалық кеші

Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында композитор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, КСРО халық әртісі Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ғасырлар үні» атты музыкалық кеш өтті.
Оған Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің педагогтары, Мамандандырылған музыка мектер-интернатының оқушылары мен ұстаздары қатысып, белгілі жерлесіміз жайлы ой-пікірлерін ортаға салды. Қонақтарға және С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназия мен Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейінің оқушыларына Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестіктің «Мерей» ансамблі мерекелік көңіл-күй сыйлап, өнер көрсетті.
Шара соңында «Сазгер мұрасы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» дауыстап оқу

«Kitap Time – 2024» III республикалық кітап фестивалі аясында «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» атты дауыстап оқу өтті. Балаларға Әсел Имайоның «Сиқырлы скрипканың ертегілері» атты бірегей кітабы таңдалды. «AРТ-МИРАЙ» қазақтың музыка мұрасын сақтау қорының негізін салушы Әсел Имайоның қиялынан туған «Сиқырлы скрипканың ертегілері» деп аталатын кітап балаларды да, ересектерді де бейжай қалдырмайды. Оқиғалары қызық, безендірілуінің өзі өзгеше.
Бұл — жай ғана ертегілер жинағы емес, сиқырлы кітап. Кішкентай оқырмандарымыз қазақтың музыкалық шығармаларынан шабыт алып жазған автордың ертегілерін оқып қана қоймай, QR-кодтың көмегімен музыкалық шығармаларды тыңдай да алады. Ол үшін ұялы телефонның камерасын QR кодына бағыттап, сілтеме бойынша өту керек. Автордың кітабындағы ертегілер қазақ, орыс, және ағылшын тілдерінде басылған.
Дауыстап оқуды №21 НОМ кітапханашысы А.Ж. Искакова жүргізді. Шара қызықты болып жас оқырмандардың көңілінен шықты.

Kitap time -2024. Еуразиялық шығармашылық гильдиясы

Бүгін кітапханада «Шығармашылық – парасат биігі» атты жазушылардың Еуразиялық шығармашылық гильдиясы өтті. Шараға Израиль, Ұлыбритания, Беларусь, Ресей және Қазақстанның жазушылар гильдиясының мүшелері қатысты.
Қонақтар жас ақындарға немесе тәжірибелі авторларға шығармаларын шетелде шығаруға мүмкіндік беретін өз жобалары мен халықаралық бағдарламалары туралы әңгімеледі.

«Тіл – ең асыл құндылық»

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай кітапханада ЖШС «Azmar Premium» атындағы 1,4 сынып аралығындағы оқушылардың қатысыумен «Тіл – ең асыл құндылық» атты сұрақ-жауап ойыны өткізілді.
Кітапханашылар оқушыларға тілдердің пайда болу тарихы туралы әңгімелеп, қызықты тарихи деректерді келтірді. Балалар тілдер күніне арнайылап жаттап келген өлең, әндерімен бөлісті. Ойын көптеген қызықты мәліметтер алу арқылы жақсы деңгейде өтті.