Кітапта Абайдың даналық сөздерінің таңдамалы бір тобы берілген. Даналық сөздер үлкенге де, кішіге де өмір, өмірдің мәні туралы ой салып, үлгі ұсынады. Кітап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шәкірттеріне, ғалымдары мен оқытушыларына, зерттеушілеріне, Абайдың даналығынан үлгі алғысы келген барша талапты жасқа, сондай-ақ көпшілік оқырманға арналған. Құнанбаев, Абай. Қара сөздер [Мәтін] = Слова назидания / А. Құнанбаев ; ауд. С. Санбаев ; ЧФ «BAURZHAN foundation» [и др.]. - Алматы: [б. и.], 2020. - 136 б.: Абайдың ең таңымал туындысы оның «Қара сөздер» прозалық туындысы болады, орыс тіліне аударғанда – «Слово назидания». Бұл «Өсиеттерде» тарих, педогогика, ақылақ және халқының құқығы мәселелері көтерілген. Абай «Қара сөздерді» жасы ұлғайғанда жазған. «Қара сөздер» Абайдың болмыстың әр түрлі жақтары туралы қырық бес философиялық-этикалық пайымдауларын, өмірлік тәжірибе алған көрген адамның өсиеттерін қамтиды. Бұл кітап осыдан жүз жыл бұрын жазылғанына қарамастан, қазіргі уақытта өзектілігін жоғалтпаған дана ойлар мен өсиеттерді қамтығандықтан қазіргі оқырманның да қызығушылығын тудырады. Құнанбаев, Абай. Шығармаларының академиялық толық жинағы / А.Құнанбай. - Алматы: Жазушы, 2020. Т.1: Өлеңдер мен аудармалар [Мәтін] / құраст.: К. І. Матыжанов, Қ. Қ. Мәдібаева. - Алматы : Жазушы, 2020. - 640 б. Үш томдық толық жинақ Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, текстологиялық зерттеулер негізінде қайта сараланып, мазмұндық, мәтіндіқ, құрылымдық тұрғыдан толықтырылып құрастырылды. Академиялық жинақтың бірінші томында ақынның өлеңдері мен аудармалары берілді.