Archive 10.07.2018

Қазақтың ұлттық киімдері

«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», – деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерін таныстыру мақсатында кітапханада 10 шілде күні «Қазақтың ұлттық киімдері» атты таныстыру сағаты №50 ЖББОМ бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен өтті.

Шараға байланысты «Қазатың дәстүрлі киім-кешегі» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Балаларға бас киімдер (тақия, қалпақ), сәукеле, кимешек, камзол, шалбар, шапан, ішік (тон), аяқ киімдер (мәсі, саптама етік) және т.б. ұлтық киім түрлері «Қазақтың ұлттық киімдері», «Қазақ киімі» атты кітаптардан көрсетілді.

Қызықты ғылым. Ғажайып құм

10 шілдеде кітапханада «Қызықты ғылым» танымдық күні аясында «Смайлики» атты мектеп жанындағы лагерь, №11 негізгі орта мектеп және №17 ЖББОМ бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Қызықты ғылым. Ғажайып құм» атты танымдық сағат өтті. Кітапханашы оқушыларға құм туралы қысқаша түсінік беріп айтып өтті.

Сондай-ақ балаларға құмды пайдалана отырып әйнекке қалай сурет салуға болатыны көрсетіліп, бейнеролик көрсетілді.