Archive 14.10.2020

«Сағат сыры»

14 қазан күні «Шуақ» балалардың шығармашылық студиясының кезекті сабағы өтті. Сабақта ақын Қадыр Мырза Әлидің «Сағат сыры» өлеңі негізінде «Көңілді сағат» тақырыбында аппликациялық жұмыс жасалынды.

Бүгінгі сабағымыздың белсенді қатысушылары №17 мектептің 4 «а» сыныбының оқушылары Қайыркен Жансая, Секен Аяулым және 2 «ә» сыныбының оқушысы Қайыркен Қуаныш.

Кітапхана шақырады…

14 қазанда кітапханаға № 17 ЖОББМ 6-сынып оқушылары келді. Балаларға «Кітапхана шақырады….» таныстыру экскурсиясы өткізілді. Оқушылар кітапхана тарихынан жалпы мағлұмат алып, бөлімдердің қалай жұмыс істейтінін және оқырмандарға қандай кітапханалық қызметтер көрсетілетіні жайлы білді.

Кітапхана жаңа оқырмандарды тарту және балалар әдебиетін насихаттау бойынша белсенді бұқаралық жұмыс жүргізеді.

Қорлар тез арада жаңа кітаптармен және классикалық және де заманауи танымал авторлардың жаңа басылымдарымен жинақталады.

Қазіргі жағдайда көбірек қызметтер қашықтан көрсетіледі. Кітапхана оқырмандарға виртуалды анықтама, онлайн-ұзарту және басқа да сервистерді ұсынады.

Пайдаланушылар көптеген пайдалы ақпаратты әлеуметтік желілердегі кітапхана парақшаларынан және сайттан таба алады.

2017 жылғы үздік оқырмандар

Арман Темірғалиев “Ең бірінші оқырман”

Давид Лемко (10 ай) “Кішкентай оқырман”

Артем Куценко “Фэнтези оқырманы”

Виктор Костин “Мәңгілік классика”

 

 

 

 

 

 

Елизавета Бондарь “Ең белсенді оқырман”

Людмила Ионайтене “Болашақ детектив”

Шұғыла Сайлау “Кітапхананың айнымас досы”

Полина Савенкова “Кітапхананың айнымас досы”

 

 

 

 

 

 

Адия Кадирова “Кітапхананың айнымас досы”

Аян Жукеев “Адал оқырман”

Вайстар отбасы “Оқитын отбасы”

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Халықаралық Кітап сыйлау күні

Халықаралық Кітап сыйлау күні аясында кітапхана қызметкерлері ағымдағы жылдың 13-14 ақпан аралығында Қарағанды қаласының мектеп кітапханаларына «Кітапханаға кітап сыйла» атты акциясын іске қосты. Мұндай Акция қатарынан үшінші жыл өтіп жатыр. Әрі қарай оқу