Оқырман бенефисі

25 қыркүйекте кітапханада үздік оқырмандарды түрлі номинациялармен марапаттау мақсатында жыл сайын өткізілетін «Оқырман Бенефисі» жобасы онлайн түрде өткізілді. Пандемияға байланысты номинация иелерін санитарлық талаптарға сәйкес жекелей шақырып марапаттадық.
2019 жылдың қорытындысы бойынша үздік оқырмандар мынадай номинациялармен марапатталды: «Ең бірінші оқырман» – Эдуард Берлейн, «Кішкентай оқырман» – Замир Абдуллаев (2 жас), «Фэнтези оқырманы» – Агния Корешникова, Зинфира Сафина, «Мәңгілік классика» – Екатерина Цветкова, Таңшолпан Әділхан, «Кітапхананың айнымас досы» – Айсұлу Владимирқызы, «Болашақ детектив» – Тамаз Оралкен, Диана Муллаянова, «Адал оқырман» – Данил Коровкин, «Соғыс туралы әдебиет білгірі» – Лебединский Андрей, «Оқитын отбасы» – Василечко отбасы: Валерия Владимировна, Сергей Васильевич, Вячеслав. Влада.
Әрбір номинация иелеріне арнайы дипломдар тапсырылып, интернет- дүкені  ұсынған сыйлықтарды жүлдегерлерімізге біздің арнайы шақырылған қонақтарымызбен әлеуметтік серіктестеріміз марапаттап тапсырды.

Волонтер жылы

Президент жарлығымен биыл «Волонтер жылы» деп жарияланды.

Бұл бастамаға Қарағанды қаласының жастарыда алғашқылардың бірі болып үн қосты. Талапты жастардың атқарып жатқан істерін білу мақсатында
кітапхананың ұйымдастыруымен тамыз айының 25 күні  «Азамат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, волонтер Дәурен Рахымбектің қатысуымен Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир өткізілді. Әрі қарай оқу

Кітапхана шақырады…

Кітапхана қызметкерлері ақпан айының 25-і күні №9-шы гимназияның 9 «А» сынып оқушылары үшін «Кітапхана шақырады…» атты экскурсия сабағын өткізді. Балалар кітапхананың тарихымен, оқу залдарымен, пайдалану ережелерімен, бөлім ерекшеліктерімен, ақпараттық ресурстарымен және электрондық қызметтерімен танысты. Әрі қарай оқу