Айтов Несіпбек Тұрысбекұлы
(22.09.1950 ж.)

        Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ақын, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Несіпбек Айтов 1950 жылы 22 қыркүйекте Тарбағатай өлкесі (СУАР) Шәуешек ауданы Теректі – Қақпатас (ҚХР) ауылында дүниеге келген.

       1962 жылы Семей облысы Шұбартау ауданының Баршатас орта мектебін бітірген. 1974 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін аяқтады. «Жаңа өмір» Шұбартау аудандық газетінің әдеби қызметкері болып істеді.

          1976-1977 жылдары «Жар жүрек, соға бер» және «Бас сүйектер» поэмалары үшін, ал 1974 жылы «Найзағай» поэмасы үшін ҚазКСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы мемлекеттік комитетінің, Қазақстан БЛКЖО ОК, Жазушылар одағының және «Жалын» баспасының сыйлықтарына ие болды.

     Сонымен қатар, Н.Айтов Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың және Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты болып табылады.

     Бірнеше жыл бойы «Балдырған» журналында поэзия бөлімін басқарды, 1983-1984 жылдары «Жалын» баспасында редактор, 1984-1994 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының кеңесшісі болды. «Қазақ әдебиеті» газетінің, «Жұлдыз» журналының редакцияларында, Астанада Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдени орталығында, «Алтын тамыр» журналының бас редакторы қызметтерін атқарды

         Тұңғыш әдеби шығармасы «Балалық 1965 жылы «Жаңа өмір» газетінде, ал бірінші кітабы «Қозыкөш» 1974 жылы жарыққа шықты.

       Несіпбек Айтов «Көктем тынысы», «Алғашқы жол», «Әке туралы сөз», «Уақыт жаңғырығы» және басқа жинақтардың авторы болып табылады. 1988 жылы оның бастауыш мектеп жасындағы оқырмандарға арналған «Күміс сандықша.Серебряный сундучок» өлеңдер жинағы орыс тілінде жарыққа шықты. Халық аңыздары желісінде «Сарықыз» поэмасын жазды. Осы поэманың негізінде американдық Эдуард Розинский либретто, ал қазақстандық композитор Алмас Серкебаев балет музыкасын жазды.

        Оның авторлығымен «Жүректегі жаңғырықтар», «Әке туралы сыр», «Түнделеп ұшқан тырналар», «Рухымның падишасы», «Мұқағали-Желтоқсан», «Бәйтерек»; балаларға арналған «Балабақшаға барар жолда», «Желкілдеп өскен құрақтай», «Күміс күйме», «Қартаймайды күн неге?» және т.б. кітаптар жарыққа шықты.

     Айтов Ж.Амренің, Бо Цызюдің, Дж.Родаридің, М.Исаковскийдің, А.Бартоның, С.Михалковтың, С.Баруздиннің, В.Берестовтың шығармаларын, А.Навоидің «Крепость Александра» поэмасын (1989), «Слово о полку Игореве» шығармасын (1990) қазақ тіліне аударды.

   Несіпбек Айтовтың «Мұхтар мен Абыз» толғауы Мұхтар Әуезовтің 100-жылдығына арналған поэзия байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. «Парасат» орденімен марапатталған.

сканирование0001
сканирование0002