«Ауған соғысының қасіреті» кездесу

«Ауған соғысының қасіреті» кездесу

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай жасөспірімдерді әскери-патриоттық сезімде тәрбиелеу мақсатында 6 ақпанда кітапханамызда ауған соғысына қатысқан ардагер-жауынгерлермен «Ауған соғысының қасіреті» атты кездесу өтті.
Кездесудің құрметті қонақтары ретінде Ауған соғысының ардагерілері С.Тоқтабеков, М.Жариков, Н.Маханов, Е.Айнабеков шақырылды.
Кездесу барысында оқушылар ардагерлердің ауған соғысы жайлы әңгімелерін ұйып тыңдады. Өз кезегінде ардагерлер қиындығы мен қасіреті мол ауған соғысы кезіндегі жауынгерлік тапсырмаларын қалай орындағандары, әртүрлі ұлттан құралған әскер қатарының мызғымас достығы мен көрсеткен ерліктері туралы, олардың әрқайсы интернационалдық борыштарын қаншалықты адал орындап шыққаны жайлы айтып берді.
Іс-шараға С.Сейфуллин атындағы гимназияның оқушылары арнайы шақырылды.

Comments are closed.