Ашық есік күні

Ашық есік күні

Кітапханада 5 қыркүйек -Қазақстан халқы тілдер күніне арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шараға мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты, №13, 22, 25, 33, 60 ЖББОМ; №35 Ю.Н.Павлова атындағы ЖББОМ, №53ЖББМЛ-нің оқушылары шақырылды. Аталмыш шараға 100-ден астам адам қатысты.

Жыл сайын дәстүрлі бұл іс-шара кітапханаға жаңа оқырмандарын тарту және кітапханалық қызметтермен таныстыру мақсатында өтеді.

Ашық есік күніне келген әр қатысушыға уақытша оқырман билеті берілді.

Кітапханашылар оқушыларға оқу залдарын көрсетіп саяхат өткізіп, кітапхананың кітап қорымен таныстырып, кітап көрмелеріне шолу жасады. Орта және жоғары сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің оқу залында 5 бөлімнен тұратын кітап көрмесі ұйымдастырылды: «Ұлтымыздың ұстазы – Ахмет Байтұрсынов», «Ана тілі – әр қазақтың айбыны!» , «Ұстаз мәртебесі-ұлт мұраты», «Мировые языки», «Бір ел – бір кітап».

Балалар интеллектуалды сайыстарға – әдеби викторинаға қатысып, тілдерді жақсы білетіндерін көрсетті және әлемнің 15 тілінде сөйлейтін “рахмет” сөзін есте қалдырды.

Comments are closed.