Archive Қыркүйек 2022

«Сиқырлы бояулар» кітап иллюстрацияларының халықаралық балалар байқауының қорытындысы

2022 жылғы 29 қыркүйекте С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының кіші залында қазақ балалар жазушысы Молдахмет Қаназовтың туғанына 80 жасқа толуына орай «Сиқырлы бояулар» кітап иллюстрацияларының халықаралық балалар байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының бастамасымен балалар шығармаларының байқауы Қазақстандағы Балалар жылы және Балалар әдебиеті жылы аясында ұйымдастырылған. Сайысқа Германия, Израиль, Франция, Ресей, Қырғызстан мен Қазақстанның түкпір-түкпірінен 11-14 жас аралығындағы балалардан 122 шығармашылық жұмыс түсті.
Байқау «Qasym баспа үйі» ЖШС демеушілігімен және Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен өтті.
Марапаттау рәсімінің Құрметті қонағы Молдахмет Қаназдың өзі байқау жеңімпаздарын марапаттауы балалар үшін ерекше сәт болды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
Бас жүлде – Әділхан Дана, Қазақстан, Түркістан облысы, Отырар ауданы (букридер).
I орын – Стребкова Екатерина, Қазақстан, Қарағанды қаласы (смарт-сағат).
II орын – Гнездилова Ангелина, Қазақстан, Қарағанды қаласы (акустикалық жүйе).
II орын – Майер Эрика, Қазақстан, Қостанай қаласы (акустикалық жүйе).
III орын – Лукичева Ольга, Қазақстан, Қостанай қаласы (мобильді аккумулятор).
III орын – Шмидт Вероника, Қазақстан, Қарағанды қаласы (мобильді аккумулятор).
Номинациялар бойынша үздік жұмыстар:
«Минимализм шеберлігі» – Зильберман Наталия, Израиль, Ришон Ле Цион қаласы (гарнитура).
«Бірегей техника» – Асылбай Сымбат, Қазақстан, Түркістан облысы, Арыс қаласы (гарнитура).
«Көркемдік шеберлігі» – Жакупова Малика, Қазақстан, Қостанай қаласы (гарнитура).
«Бейненің мәнерлілігі» – Бойко Полина, Қазақстан, Қостанай қаласы (гарнитура).
«Ойламаған интерпретация» – Апак Еврар, Франция, Париж қаласы (гарнитура).
«Балалық пәктік» – Кулмаханбет Кәусар, Қазақстан, Түркістан облысы, Арыс қаласы (гарнитура).
«Ұлттық ерекшелік» – Евсеев Максим, Қазақстан, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы (гарнитура).
Сонымен қатар, біздің байқау облыстың кәсіподақ ұйымының да назарын аударды, олар қарағандылық балалардың қызықты жұмыстарын атап өтіп, бағалы сыйлықтармен марапаттауға тілектерін білдірді. «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қарағанды облыстық филиалының төрағасы А.Өсерова Евгения Яшина, Алуа Оралбай, Сафия Мурзакаева және Камила Имашеваларға өз сыйлықтары мен сертификаттар табыс етілді.
Балалар жазушысы Молдахмет Қаназов (Алматы қаласы) өз атынан Іңкәр Жанғожаның (Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы) жұмысын атап өтіп, оған сыйлыққа ұялы телефон жүлдесін тағайындады.

Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілде, Кітапхана байқау жеңімпаздарын құттықтап, қатысқандары үшін барлығына алғысын білдіреді!!!

«Балалар, Сіздер үшін жазамыз!» кітапханалық жоба

Балалар жылы аясында 2022 жылдың 29 қыркүйек күні Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында оқырман мен жазушы арасында алтын көпір болып отырған «Балалар, Сіздер үшін жазамыз!» жобасын жүзеге асыру мақсатында Сыр елінен шыққан саңлақтарымыздың бірі, көрнекті балалар жазушысы, қазақ руханияты мен әдебиетінің дамуына өз үлесін қосқан, аудармашы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі белгілі балалар жазушысы Молдахмет Қаназовпен кездесу өтті.
80 жастық мерейтойына орай ұйымдастырылған кездесу кешінің барысында көптеген қонақтарымыз келіп қатысты. Әке жолын қуып, ізін жалғастырушы «Денсаулық» журналының бас редакторының орынбасары Ұлболсын Молдахметқызы және Қаракөз Молдахметқызы, сондай-ақ «Болашақ» академиясының қазақ тілі мен әдебиет кафедрасының меңгерушісі, профессор Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы болды.
Іс-шара барысында оқырмандар қаламгерге сұрақтар жолдап жасандылықты жаны сүймейтін, шындықты бәрінен биік қоятын қаламгермен қызықты тартымды диалог құрды.
Жазушының еңбекпен өрілген өмірі өскелең ұрпаққа өнеге, ұлт болашағына бағыт, қаламынан туындаған көркем шығармалары бала қиялын, арманын алыстарға жетелейтін құнды жәдігер болып қала бермек.

«Абай мұрасы – халық ұлағаты» кітапханалық дәріс

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына орай «Абай мұрасы – халық ұлағаты» тақырыбында кітапханалық дәріс өткізілді.
Дәрісті қала мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары үшін, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Есенжолова Айтжамал Оралханқызы оқыды.
Дәріс барысында абайтанудың өзекті мәселелері, ақынның өмірбаяны, Абайдың ойшыл ақын ретінде қалыптасуы, «абайтанудың» философиялық, эстетикалық және қоғамдық көзқарастары, замандастардың ақын және композитордың шығармашылығына деген көзқарасы жайлы сөз болды.

«Дәуірдің дара тұлғасы» пікір кеші

Кітапханада көрнекті жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Дәуірдің дара тұлғасы» атты пікір кеші өткізілді.
Балалар «Құпиялар. Тағдарлар. Есімдер. Мұхтар Әуезов» деректі фильмінен үзінділерді тамашалады. Кітапханашы қазақ әдебиеті классигінің өмірі мен шығармаларының беймәлім фактілері туралы әңгімеледі. №1 гимназияның 10, 11 «А» сынып оқушылары оқыған шығармаларының әсерімен бөлісті.
Алексей Лемко К.С.Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік Халықтар достығы орденді орыс драма театрындағы Абайдың өмірі туралы «Знай, потомок, дорогу я для тебя стлал» спектаклінің қойылымына актер ретінде қалай қатысқаны туралы әңгімелеп берді. Кешке қатысқандардың әрқайсысы М.Әуезовтің шығармашылығы туралы өз пікірін білдірді.
М.Әуезов шығармашылығының қазіргі қазақ әдебиетіне әсері туралы педагогика ғылымдарының магистрі Г.Жұмаділованың баяндамасы қызықты болды.

«KitapTime -2022» республикалық фестивалі

23 қыркүйек күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапхананың бастамасымен Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының алаңында «KitapTime -2022» республикалық кітап фестивалі өтті.
«KitapTime -2022» кітап фестивалі аясында Абай атындағы балалар кітапханасы «Киіз үй» этноконструкторын жинау тренингін көрсетіп, «Дос болайық кітаппен» балаларға арналған ашық микрофон ұйымдастырылып, бүлдіршін балалар қазақ ақындарынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

«Балалар кітапханасына арналған перспективтік цифрлық технологиялар»

Кітапханада 23 қыркүйекте облыстың 35 балалар кітапханашысы үшін «Балалар кітапханасына арналған перспективтік цифрлық технологиялар» облыстық семинар-практикумы өтті.
Бүгінгі күні кітапханашы көп тапсырмалы, мобильді, заман талабына сай болуы керек. IT саласында құзыретті болуы керек.
Қазіргі балалардың өте ерте есейетіні, жаңа технологияларды тез меңгеретіні, бізге, кітапханашыларға оны меңгеруге көмектесетіні, ал біз сол үшін оларды кітапты сүюге үйрететініміз туралы мәселелер айтылды.
Семинар барысында конструктивті диалог өтті, шақырылған қонақтар – кәсіби мамандар Чиняев Сергей Андреевич (KIBEROne халықаралық бағдарламалау мектебінің тьютері), Полина Андреевна Ким (One SMM агенттігінің сату менеджері) балаларға ақпараттық қызмет көрсету; әлеуметтік желілердегі жоғары сапалы контент, балаларды кітап оқуға баулуда ұсынылатын цифрлық қызметтер; кітапханаларда ақпараттың сақталуы мен қолжетімділігі; құқықтық кеңістіктегі кітапханалардың электронды ресурстары және т.б. жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды. Балалар арасына ең танымал және олардың өздігінен жасайтын қосымшалар мен бағдарламалар аталды.
Сіздер семинар жұмысы туралы толығырақ ақпаратпен кітапхана сайтының «Мамандар» бөлімінде таныса аласыздар.

Как Болейку перевоспитали

Бүгін №3 гимназияның 3-сынып оқушылары үшін «Как Болейку перевоспитали» атты ойын сабағы өткізілді.
Балалар зиянды әдеттердің адам ағзасына кері әсері туралы мағлұмат алды, салауатты өмір салтын қалай ұстану керектігін және денсаулықты сақтау қағидаларымен танысты.
Олар әр түрлі қызықты жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдерді еске түсіріп, әдеби викторинаға қатысты.

«Қауырсын қалам»

«Қауырсын қалам» клубы аясында кітапханада 16 қыркүйекте қазақ ақыны, жазушы, публицист, аудармашы Сырбай Мәуленовтің 100 жылдығына арналған «Өмір жолы – өлең жолы» ауызша журналы өткізілді. Соғыс тақырыбы С.Мәуленов шығармашылығының негізгі болды, ол майдан даласынан қайтпаған жолдастары, соғыстың қасіреті, бейбіт өмір сүру қажеттігі туралы жазды.
Іс-шараға №15 ЖОББМ 10-сынып оқушылары қатысты. Балалар баяндамашыларды қызыға тыңдап, сұрақтарын қойды, алған әсерлерімен бөлісті. Кездесу өте жылы әрі рухани жағдайда өтті.

«Free Style» арт-шеберханасы

«Free Style» арт-шеберханасының кезекті сабағы «Зебра білезігін» жасау тақырыбында өткізілді. Біздің тұрақты оқырман қыздарымыз қарапайым және әдемі білезіктерді ашық әрі нәзік түсті майда моншақтардан жасап үйренді. Білезік дайындауға түрлі-түсті майда моншақ, қайшы, қыл жіп, ине пайдаланды.