«Мейірімділік жүректен»

Біз мейірімділік, шынайылық, қайырымдылық сияқты сөздерді жиі айтамыз. Кітапханашы «Гүлнұр» балабақшасының тәрбиеленушілеріне өткізген «Мейірімділік жүректен» атты ізгілік сабағында дәл осы адами құндылықтар туралы сөз болды. Балалар жүргізушінің әңгімесін мұқият тыңдап, өздері талқылап, бір-біріне туған-туыстарына, достарына және айналасындағыларға қатысты игі істер туралы айтып, «Ізгі сөздер» ойынын ойнады.
Олар боялған жапырақтардан «Сүйіспеншілік пен ізгілік» атты жақсылық ағашын жасады. Іс-шара «Мейірімділік» атты көрнекі көрсетіліммен жалғасты.

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» ақпараттық минут

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай жасөспірім оқырмандар үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты ақпараттық минут өткізілді. Оқырмандардың назарына сыбайлас жемқорлық ұғымы туралы мағлұмат беріліп, оған қарсы күрес туралы пайдалы ақпараттар беретін суреттер мен буклеттер көрсетілді.

«Қыс қызығы»

Барлығына «Қыс қызығы» тақырыбындағы қолөнер бұйымдарын жасау ұнайды. Қыс туралы көптеген өлең-тақпақтар бар, олар қысқы табиғаттың сұлулығы мен қуанышты көңіл-күйді сезінуге көмектеседі.

Рождестволық шеберханалар: «Plätzchen» Рождестволық тәттісін және Рождестволық етік жасау

Кітапханада неміс мәдениеті апталығының күндері өтуде, бүгін Қарағанды облыстық «Wiedergeburt» неміс орталығының қызметкерлері балаларға Рождество мерекелік атмосферасын сезіндіре білді. №3 гимназиясының 2 «В» сынып оқушылары өз қолдарымен рождестволық шұлықтарды және дәстүрлі «Plätzchen» неміс печеньесін безендірді. Шұлықтар мен печеньелерді дайындау барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.

ГЕРМАНИЯ МӘДЕНИЕТІ АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ

Кітапханада «Мәдениеттер тоғысында» жобасы аясында іс-шаралар жалғасуда. Бүгін Қарағанды облыстық «Wiedergeburt неміс орталығының» қатысуымен Германия мәдениеті күндерінің ашылу салтанаты өтті.
Мәдени апталықтың ашылуында қонақтар мен оқырмандар назарына кітапхана қорындағы неміс тіліндегі әдебиеттер, аударма кітаптар, ертегілерге арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы қорынан ХХ ғасырдағы неміс суретшілерінің экслибрисі ұсынылып, «Wiedergeburt» неміс орталығындағы «Basteln» қолөнер үйірмесінің жұмыстары көрсетілді.
Шара барысында №97 гимназияның оқушылары би флэшмобына қатысып, неміс биін үйренді.

«Құстар асханасы»

Қыс мезгілі басталып та кетті. Айналаныз бәрі аппақ қарға оранған. Балалар «Шеге мен балға» үйірмесінің кезекті сабағында қыста қыстайтын құстарға арнап ұя және жем салғыштар жасады. Балалар құстарға қамқорлық танытып, көмек қолын созды.

«Қауырсын қалам» клубы

«Қауырсын қалам» әдеби клубы өлең немесе әңгіме жазатын талантты балаларды іздеуді жалғастыруда. Жексенбі күндері балалар кітапханаға жиналып, шығармашылықтарымен бөліседі. Кітапхана жыл сайын жас авторлардың тың туындылары жарық көрген альманах шығарады.
Сонымен қатар клуб жетекшісі үйірме мүшелері жазған мақала мен өлеңдерді республикалық журнал және газеттерде шығаруға көмектеседі. Алдағы уақытта болашақ ақындар мен жазушыларды күтеміз!

«Әдемі сөйле» курсы

«Әдемі сөйле» курсының бүгінгі дәрісіне Қарағанды қыздар «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары қатысты. Қыздар әдемі сөйлеудің, мәнерлі сөйлеудің қыр-сырымен танысты. Нақтырақ айтсақ:
– дыбыстардың анық, таза шығуы үшін артикуляциялық жаттығулар жасады;
– ⁠дұрыс дем алу үшін диафрагмамен жұмыс істеуді үйренді;
– ⁠сөздік қорды арттырудың әдіс-тәсілдерін меңгерді.
– ⁠мидың екі жарты шарын іске қосатын нейрогимнастикалық жаттығуларды жасап көрді;
– ⁠әдемі дауысты қалыптастырудың әдістерін үйренді.
Сөз өнеріне машықтанып, әдемі сөйлеуді үйренгісі келетін жоғары сынып оқушыларын әр жұма сайын сағат 16:00 күтеміз!

Библиодесант

Бүгін №16 ЖББМ балалары Абай атындағы балалар кітапханасымен сырттай танысуға мүмкіндік алды. Көптеген балалар кітапханамен таныс, бірақ мектеп қабырғасында кітапханашылармен кездесу ерекше қызықты болды.
Акт залында балалар шағын және ойыншық кітаптарды, панорама кітаптарды, 3D қосымшалары бар энциклопедиялармен танысты. Сондай-ақ, клубтар мен үйірмелердің қызметі туралы, кітапхана сайты жайлы білді.
Кітапханашылар қыс айларында кітапханада өтетін іс-шаралар туралы айтып, оқушыларды қысқы демалыс кезінде кітапханаға келуге шақырды.