«Қазақ халқының қадірлі ұлы» портрет кеші

«Қазақ халқының қадірлі ұлы» портрет кеші

Абай атындағы балалар кітапханасында Ұлы Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының батыры, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағанбетовтың 100 жылдығына орай «Қазақ халқының қадірлі ұлы» атты портрет кеші өтті.
Аталмыш кешке Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Ж. Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас Ұлан» мектебінің тәрбиеленушілер мен Қарағанды облысының Қорғаныс істер жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Еркебұлан Серікұлы Мұстағұлов шақырылды.
Патриоттық, ұлтжандылық бағытта өткізілген кездесуден жас ұландар батырдың өмірі мен қызметі, батырлығы, еліне сіңірген ерен еңбегі жайлы мағлұматтар алды.

Comments are closed.