Азбанбаев Марат Ақторгайұлы (03.11.1955 ж.) Марат Азбанбаев 1955 жылғы 3 қарашада Павлодар облысының Ертіс ауылында дүниеге келді. Қарағанды облыстық сотының судьясы Марат Азбанбаев әдеби шығармашылыққа және филологиялық зерттеулерге ерекше жолмен келді. Ғасыр басында оған өз мекемесінде мемлекеттік тілді үйрету жұмысына бақылау жасауды тапсырды. Тіл білімі жөніндегі кітаптармен танысып, тіл теориясы мен тарихын зерттей бастады. Кейінірек Жұмекен Нажмиденовтің өлеңдеріне деген қызығушылығы оянды. Танымал ақын Серік Ақсұңқарұлы жаңа пайда болған зерттеушіге өзінің зерттеулері туралы кітабын басып шығаруға кеңес берді. Сонымен қатар, Ж.Нажмиденовтің авторлық туындыларына ғана назар аударып қоймай, оларды аудару жөніндегі тағы бір тағдырын шешушi ұсынысын берді. С.Ақсұңқарұлы өз шығармаларын орыс тіліне аударуды Марат Азбанбаевқа сеніп тапсырды. Одан әрі заңгер Рилькенің поэзиясын қызыға оқып, оның шығармаларын орыс тілінен қазақ тіліне аударды. Латын тілінен Горацийдің «Меценатқа арнау» шығармасын сөздікпен аударды. Филология әуесқойы «Игорь полкы туралы сөздің» ежелгi түпнұсқасын зерттеп, негізгі мәтінді алдымен қазіргі заманғы орыс тіліне, одан соң қазақ тіліне аударды. «Орталық Қазақстан» газетінде оның еңбектерінен үзінділер жарияланды. Этно-этимологиялық эссе-сөздіктің, психоаналитикалық зерттеудің, аудармашыларға арналған «Абай және Игорь полкы туралы сөз» құралының авторы болып табылады. 2008 жылы үш тілде «Қарқабат» кітабы жарыққа шықты, Азбанбаев бұл шығармасында есiмдер, лауазымдар, терминдер арқылы адам сөзінің, тілі мен ойының, әрекеті мен құқығының, поэзияның әлемдік бірлікте екендігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының әнұранын 2 жылдан аса зерттеп, «Менің Қазақстаным» әні мен оның сөзінің авторы ақын Жұмекен Нажмиденовтің тағдырының тарихы туралы қазақ және орыс тілдеріндегі «Менің Қазақстаным – Жұмекен» зерттеу кітабын басып шығарды. 2006 жылғы желтоқсанда «Ана тілі», «Заң газеті», «Орталық Қазақстан» газеттерінде еліміздің мемлекеттік әнұраны сөзінің авторы туралы «Әнұран туралы сөз, немесе сөз туралы сөз» мақаласы жарияланды. М.Азбанбаев кітапханалардың, мектептердің, оқу орындарының іс-шараларына қатысады. Көпжылдық, табысты және мінсіз жұмысымен соттық-құқықтық жүйені дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Жоғары Сотының «Мінсіз қызметі үшін» ІІІ дәрежелі медалімен марапатталған.