Маусым 11, 2021 «Бүгінгі қазақ балалар әдебиетіндегі үрдістер» онлайн-әңгіме By odb-abai inЖаңалықтар 11 маусым күні балалар жазушысы, сценарист «Алтын Тобылғы – 2017» әдеби сыйлығы, «Жылдың үздік балалар әдебиеті» номинациясының лауреаты, «Әмина Тұран номадтар елінде» атты алғашқы отандық балалар-жасөспірімдер фэнтези-романының және «Менің Қазақстаным» атты екі кітаптың авторы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушысы Зәуре Төрехановамен «Бүгінгі қазақ балалар әдебиетіндегі үрдістер» атты онлайн әңгіме өткізілді. Іс-шара барысында жазушы «Алматыкітап баспасы» шыққан «Амина Туран в стране номадов» атты тұңғыш қазақстандық балалар мен жасөспірімдер фэнтези-романының, «Менің Қазақстаным» патриоттық сериясындағы екі кітаптың жасалғаны туралы білді. Жазушы өзі туралы, шығармашылығы туралы, «Айтшы, әжетай» балалар журналымен ынтымақтастық туралы, осы журнал беттеріндегі әдеби байқаулар туралы айтып, болашаққа арналған жоспарларымен бөлісті, Қазақстанның қазіргі заманғы жазушыларының шығармашылығымен танысуға кеңес берді, сондай-ақ қазіргі қазақ балалар әдебиетіндегі үрдістер туралы өз пікірімен бөлісті.