«Қазақ балалар әдебиетінің антологиясы» топтамасының тұсаукесері

«Қазақ балалар әдебиетінің антологиясы» топтамасының тұсаукесері

Балалар кітабының апталығы жалғасуда әр күні қызықты және танымдық іс-шараларға толы болды, ал бүгінгі күн оқырман жадында мәңгі сақталары сөзсіз. Біз 2022 жылы Балалар жылы аясында жарық көрген «Қазақ балалар әдебиетінің антологиясы» 10 томдық кітаптар жинағының тұсаукесер рәсімін өткіздік.
Шараға антологияны құрастырушы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдебиеті сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Байбота Қошым-Ноғай Алматы қаласынан арнайы қонақ ретінде шақырылды.
Он томдық «Қуыр-қуыр, Қуырмаш», «Ағайынбыз бәріміз», «Бейбіт күн», «Ғажайып құмыра», «Балапан», «Алтын киік», «Ортаншы ұл», «Алатау ертегісі», «Қарлығаштың ұясы», «Мынау ғазиз дүние» атты он кітаптан тұрады.
Іс-шараға Қарағанды облысы балалар кітапханасының кітапханашылары мен мектеп кітапханашылары, қала мектептерінің оқушылары, колледж студентері қатысты.
Сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі «Алтын сұңқар» сыйлығының иегері Сүйіндік Жанысбай көп томдықтың тұсаукесерімен құттықтады.
Мұндай кітаптар кітапхана қорында көбейген сайын оқырмандар саны да артады. «Қазақ балалар әдебиетінің антологиясы» шын мәнінде балалардың талғамына сай етіп дайындалған еңбектің бірі.
Бұл топтама өзінің жан-жақтылығымен ерекше әрі бала сүйсініп оқитындай, жалығып кетпейтіндей тілі жеңіл болғанмен терең танымға толы шығармалардан құралған.
Кітапхана қорының осындай орны бөлек кітаппен толыққанына біз өте қуаныштымыз.

Comments are closed.