Наурыз 13, 2019 Балалар, сіздер үшін жазамыз By odb-abai inБасты Наурызда кітапхана іс-шараларға толы, оның бірі «Балалар кітабының апталығы». 13 наурызда «Апталықтың» үшінші күні кітапхана оқырмандарының балалар кітаптарын жазатындармен кездесуіне арналды. Бұл күні педагог, журналист, ақын, балалар жазушысы Наталия Инжевскаямен және суретші-иллюстратор Роксана Петровамен «Балалар, сіздер үшін жазамыз» шығармашылық кездесуі болды. Барлық қатысушылар Наталия Инжевскаяны Ресей Жазушылар одағы президиумының марапаты Маяковский медалімен құттықтады. Кездесу барысында «Читаем вместе» сериясының «Придумки от Алинки» жалпы атауындағы 20 кітапшадан 4-уі «Про двор», «Вот они какие», «Что это за явления» және «Про чистоту» атты екі кітапта таныстырылды. «Таңшолпан» және «Құлыншақ», балалар үйінің тәрбиеленушілері, ТҚАБ балаларға арналған мектеп-интернатының және №64 ЖОББМ 4 сынып оқушылары қарағандылық балалар жазушысымен кездескендеріне қуанып, онымен және автордың шығармаларын безендіруші суретшімен сүйсіне әңгімелесті. Кездесудің алғашқы сәтінен бастап біздің қонағымыз балалардың назарын өзіне аударды. Балалар шығармаларының авторлары мен балалар арасында ашық диалог болды, өлеңдер мен әңгімелер оқылды, сұрақтар қойылды. Н. Инжевская ең белсенді қатысушыларға өзінің кітапшалары мен суретші-иллюстраторлардың қолөнер туындыларын сыйға тартты. Соңында балалар үйлері мен мектеп-интернат Роксана Петрованың иллюстрацияларымен Наталияның алғашқы 4 кітабының жинағын алды, ал кітапханаға кітаптар топтамасымен бірге суретші Гүлсая Әбдібекованың атынан жеке қолтаңбасымен «Слоник» қолдан жасалған ойыншығы табыс етілді.