Балалар жылын қорытындылаудың салтанатты марапаттау рәсімі

Балалар жылын қорытындылаудың салтанатты марапаттау рәсімі

2022 жылғы 13 желтоқсанда С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен облыс кітапханаларында Балалар жылының қорытындысы бойынша салтанатты рәсім өтті.
Салтанатты рәсімде Балалар жылының қорытындысы және облыстың 2022 жылғы Үздік кітапханаларының байқауы сонымен қатар балаларға арналған Үздік жоба жеңімпаздары анықталды.
Жеңімпаздарды дипломдармен және алғыс хаттармен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің «Ерен еңбегі үшін» құрметті атағының иегері Р. К. Омарбекова, «Қазақстан – Қарағанды» ТРК Қарағанды облыстық филиалының директоры Б. С. Дүйсетаев, ҚР Мәдениет қайраткері, кітапхана ісінің ардагері Г.Ә. Бекбалакова, бала құқықтары жөніндегі уәкіл И.Б. Киселева, «Дарынды бала» көшбасшылықты дамыту балалар орталығының құрылтайшысы, «Алтын алқа» төсбелгісінің иегері А. Қ. Хамитова сынды құрметті қонақтарымыз марапаттады.
«Үздік қалалық балалар кітапханасы» номинациясы бойынша Балқаш ОКЖ А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы марапатталды.
«Үздік аудандық балалар кітапханасы» номинациясы бойынша Қарқаралы ОКЖ орталық аудандық балалар кітапханасы жеңімпаз атанды.
«Үздік ауылдық балалар кітапханасы» номинациясында – Нұра ОКЖ Мыңбаев ауылының балалар кітапханасы марапатталды.
«Балалар жылында балаларға арналған үздік жоба» номинациясы бойынша Қарағанды ОКЖ балаларға қызмет көрсету бойынша № 12 кітапхана-филиалының «Әлем мейірімге толы болсын» атты ерекше балалармен жұмыс жөніндегі жобасы ең қызықты әрі лайықты деп танылды.
Барлық жеңімпаздар Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының дипломдарымен және 200 мың теңге көлеміндегі сертификаттармен марапатталды.
Мерекелік іс-шараға білім беру саласының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, балалар жазушылары мен ақындары, «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» облыстық жобасының қатысушылары, серіктестер мен демеушілер шақырылды.
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды:
Үздік оқырмандар- мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының 9 «А» сынып оқушысы Акеева Аяжан; №27 мектептің 7 «А» сынып оқушысы Егінбай Мәди; № 23 мектептің 2 сынып оқушысы Ерғалы Әлихан; көру қабілеті шектеулі балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатының 4 «Г» сынып оқушысы Қайыржан Нұрсұлу; 7 «А» көру қабілеті шектеулі балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатының 7 «А» сынып оқушысы Харрасова Камила; №27 мектептің 5 «Б» сынып оқушысы Македонец Анастасия.
Ең көп оқитын отбасылар – Василечко отбасы, Инкарбаевтар отбасы, Тарабукиндер отбасы, Бизақовтар отбасы.
Серіктестер, демеушілер – «АЙЗА компаниясы» ЖШС директоры Г.В. Якимов; «Радуга әлемі» мерекесі студиясының жетекшісі А. А. Әбішева; жазушы, ата-аналар университетінің кураторы, «Талант» шығармашылық студиясының жетекшісі И. Н. Воронков; «№3 Автопарк» ЖШС директоры А. М. Григорян; «Богатырь» өндірістік-сауда компаниясының басшысы Бондаренко О. Ю.; «QASYM БАСПА ҮЙІ» ЖШС директоры Қасембекова А. К.
Мектептер- № 97 мектеп – гимназия, Н. Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат, № 4 мектеп-интернат, «Бастау» қазіргі заманғы білім беру мектебі, А. Байтұрсынов атындағы мектеп – гимназия, Абай атындағы № 104 мектеп – гимназия, «Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп – лицей – интернаты, мектептер №25; № 27, №30.
Салтанатты іс-шара барысында Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы мен зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхананың балалар жылында іске асырылған «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» бірлескен жобасының тұсаукесері өтті.
Салтанатты рәсім барысында облыс кітапханашылары ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының алғыс хаттарымен марапатталды.

Comments are closed.