Ақпан 14, 2024 «Балалықтан даналыққа» тренинг By odb-abai inЖаңалықтар Бүгін кітапханада «Мен тұлғамын» коучинг орталығы аясында «Балалықтан даналыққа» тұлғалық өсуді дамытуға арналған тренингке «Ақпараттық технология» мектеп оқушылары қатысты. Тренинг барысында балалар мидағы жаңа нейрондарды дамытуға арналған нейрогимнастикалық жаттығуларды жасап үйренді. Жаңа ортада, жаңа тілдерді үйрену барысында неліктен қиындықтар болатынына тоқталып «кішкентай мүмкіндік те мүмкіндік» атты ойыны ойнатылды. Сонымен қатар, білім алудың ең арзан түрі не екені талқыланып, балалармен әңгімелесу, ойландыру мақсатында түрлі сұрақтарға жауап алды.