Библиотур «Қала картасында балалар кітапханасы»

Библиотур «Қала картасында балалар кітапханасы»

Бүгін 2024 жылдың алғашқы жұмыс күнінде Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейінің оқушылары қысқы демалыстарының бір күнін кітапханаға арнап, «Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында кітапханашы мамандығымен танысуға келді.
Оқушылар кітапханашылардың жұмыс барысын өз көздерімен көріп, кітапханадағы әр бөлім қызметкерлерімен жақынырақ танысып, қызметтік лауазымдарынан қысқаша мағлұмат алды. Сонымен қоса кітапхананың қысқаша тарихымен сусындады.
Кітапханашы мерейгер жазушыларға арналған, өлкетануға бағытталған кітап көрмелеріне шолу жасап, кітапханадағы клубтар мен үйірме жұмыстарымен таныстырды.

Comments are closed.